Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Ассамблея Алматыдан бастау алған

  • Ассамблея Алматыдан бастау алған

    Ассамблея Алматыдан бастау алған

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлт­тық мемлекеттік саясаттың бөлінбес маңызды бөлігі, мәдени және этносаралық диалогтың бірегей тетігі, халықтық дипломатияның пәрменді құралы.


Алматы қалалық ҚХА құрамына 34 қалалық этно-мәдени бірлестік (ЭМБ) кіреді, олардың қызметі этносаралық келісімді нығайтуға және Қазақстан халқының бірлігін, этностардың мәдениетін, дәстүрлерін, тілдерін сақтауға бағытталған.


Қалада бес театр қызмет етеді, 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, 2012 жылдың сәуірінен бастап Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобы (ҒСТ) жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жанында Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблея­сының Депозитарийі жұмыс істеп жатыр. ҚР Пар­ламенті Мәжілісінің үлгісі бойынша қалалық мәслихатта «Ынтымақ» депутаттық тобы, қаланың 7 ауданында Қоғамдық келісім кеңесі әрекет етеді.


Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Президен­тінің Жарлығымен 1995 жылдың 1 наурызында құрылғаны белгілі. Ассамблеяның негізі сол кездегі ел астанасы – Алматыда қаланды. ҚХА-ның төрағасы – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Алматы қалалық Ассамблеясының төрағасы – Алматы қаласының әкімі А.Есімов. Еліміздің ең ірі мегаполисінде Қазақстан­дағы этно-мәдени бірлестіктердің көпшілігі шоғырланған. Әлем елдері арасында алғаш болып құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда толеранттықтың, этносаралық ауызбіршіліктің үлгісі болып отыр. 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 661    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.10.2018, 00:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31