Ассамблея жанынан ашылған медиация кабинеттерінде бітімгершілік істері көбейіп келеді
Жақында Алматы қаласындағы Достық үйінде медиация күніне арналған кеш өтті. Бұл жиын ҚР "Медиация туралы" заӊы күшіне енген күніне орай ашық есік күні ретінде ұйымдастырылған.
Өткен жылы Алматы қалалық Ассамблеясы жанынан құрылған медиациялық кабинеттерде 132 іс қаралған. Оныӊ ішінде 52 азаматтық, 31 қылмыстық және 49 әкімшілік іс қаралып шешімін тапқан. Ал биылғы жылдыӊ бірінші тоқсанында Алматы қаласы бойынша Ассамблея жанынан құрылған медиациялық кабинеттерде 29 іс қаралды. Азаматтық медиацияны дамыту іс-қызметін одан әрі институттандыру мақсатында келесі жылы Алматы әкімдігі аппаратыныӊ "Қоғамдық келісім" мекемесініӊ ресми медиация кабинетініӊ ресми assembly-almaty.kz сайтында жаӊа виртуалды менеджерін құру көзделіп отыр.
Мұндай мәліметтер медиацияға арналған іс-шараға орай белгілі болып отыр. Іс-шараға республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердіӊ басшылары мен белсенділері, Алматы қалалық және аудандық соттарыныӊ, кәсіподақ өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Алматы қаласы прокуратура органдарыныӊ қызметкерлері, медиация орталықтарыныӊ өкілдері, Қазақстан Халқы ассамблеясы құрылымдарыныӊ өкілдері, "Нұр Отан" партиясыныӊ өкілдері және басқалар қатысты.
Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ Алматы хатшылығыныӊ басшысы Назар Балғымбаев "Бүгінде қоғамдағы бірқатар оӊды үдерістермен қатар, азаматтардыӊ белгілі бір топтарыныӊ азаматтық-құқықтық мәдениеті деӊгейініӊ төмендеу ағымы байқалып отыр. Оған басты себеп -қала тұрғындарыныӊ арасындағы білім деӊгейініӊ, адамгершілік және азаматтық-құқықтық мәдениеті деӊгейініӊ айырмашылығы. Осындай ахуалда даудан мүдделі емес тараптыӊ қатысуымен дауды сотқа жеткізбей реттеудіӊ баламалы нысаны ретінде медиация институтыныӊ маӊызы зор. Бұл жұмысқа Қазақстан Халқы ассамблеясы құрылымдары да белсене аралаып отыр. Айталық, ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" мекемесініӊ республикалық медиациялық әдістемелік кабинеті Алматыдағы Достық үйіінде орын тепкен. Оныӊ мақсаты Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ қоғамдық және ұлтаралық салада медиация институтын дамытуға саяды",- деді.
Бұл күні ассамблея медиаторлары ниет білдірген азаматтардыӊ барлығына ақыл-кеӊестер берді және тегін түрде медиациялық келісімдерге отырды.
Еркенұр Ерзия