Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Ата Заңға құрмет өзімізге құрмет

  • Ата Заңға құрмет өзімізге құрмет

    Ата Заңға құрмет өзімізге құрмет

Бүгін аудан тұрғындары «Mart Village» сауда-ойын сауық орталығының алаңында 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесін атап өтті. Түрксіб ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен болған мерекелік шара Әнұранмен басталды.


Салтанатты жиында Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші төрағасының орынбасары Н.Е.Әжібаев аудан тұрғындары мен қала қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, ұзақ жылғы адал еңбегі, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай бір қатар қызметкерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Атап айтатын болсақ «Аяжан» медицина колледжінің директоры, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы - Құрымбаева Күлдарихан Құржыққызы, №9 қалалық емхананың бас дәрігері– Мұсабаева Әсем Мұратқызы, №6 Оқушылар үйінің педагогы, «Сенім» вокалдық ансамблдің жетекшісі-Күдерина Тұрсынай Метірбайқызы, «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ Президентінің кеңесшісі Лайықов Талғат Жакейұлы, «Ева –Транс Сервис»ЖК директорының орынбасары - Ермилов Михаил Владимирович, Турксиб жәрмеңкесінің директоры - Тунгусов Олег Васильевич, УПП-3 КОГ директорының орынбасары - Абылова Әсем Ерболқызы және этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. 


Мерекелік шара барысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балаларына мектеп құралдары салынған арқа сөмкелері таратылды.


Концерттік бағдарламаны ҚР еңбек сіңірген әртіс Бағдат Самединова әсем әнімен ашты. Сонымен қатар "Астана Опера" танымал әншілері, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Дина Хамзина, "Сазген Сазы" фольклорлық ансамбілінің әншісі Бейбітгүл Нұрымғожина және басқалары өнер көрсетті.
Еркенұр Ерзия


 




Көрілген: 660    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.09.2018, 16:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31