Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Аймақаралық форумда Қазақстанның этносаралық қатынастарды үйлестіру тәжірибесі таныстырылды

  • Аймақаралық форумда Қазақстанның этносаралық қатынастарды үйлестіру тәжірибесі таныстырылды

    Аймақаралық форумда Қазақстанның этносаралық қатынастарды үйлестіру тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко бастаған делегация Ресей Федерациясының Иваново қаласында өткен «Көпұлтты Ресей. Стратегия және даму» атты аймақаралық форумға қатысты, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Ұлттар істері жөніндегі федералдық агенттік, Ресей халықтарының Ассамблеясы және Қазақ-орыс достық қауымдастығы ұйымдастырған форумда этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Сол күні Иваново қаласындағы Ұлттар үйінде ерекше салтанатты көңіл-күй орнады. Форумға көптеген делегаттар ұлттық костюмдерін киіп келді, бұл аймақ этностық саналуандығымен ерекшеленеді.


Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары кіріспе сөзінде атап өткендей, Қазақстан мен Ресей – халықтар арасындағы сенім мен достықтың жарқын үлгісі. Бізді ортақ тарих пен ғасырлар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік байланыстырады.


Л. Прокопенко тату көршіліктің қайнар көзі Ресейде тұратын миллиондаған қазақтар және Қазақстандағы миллиондаған орыстар екеніне тоқталды және болашақта да осылай жалғасатынына сенім білдірді:


«Олардың әрқайсысы — біздің халықтарымыздың өткенін, бүгінгі күні мен болашағын ұштастыратын бауырластықтың айқын белгісі, біздің мәңгілік достығымыздың кепілі».


Сонымен қатар, ол Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерді іздестіру, олардың есімдерін ел есінде сақтау және басқа да тарихи фактілер бойынша бірлескен жобалар туралы атап өтті:


«Қазақстанның бастамасы бойынша Тверь облысының Ржев қаласында Ржев шайқасында қаза тапқан 10 мың қазақстандық жауынгерге арналған мемориалдық кешен қалпына келтірілді. Қазақстандық дивизиялар қайғылы 41-ші жылы Мәскеу қаласын қорғауға қатысты». 


Форумға қатысушыларға Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі, Қазақстанның этносаралық қатынастарды үйлестіру тәжірибесі таныстырылды.


Ресей тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ұлттық саясаттың тиімділігіне назар аударды.


Иваново облысы үкіметі төрағасының орынбасары Евгений Нестеров ұлтаралық қатынастар тақырыбы өте нәзік, мұқият қарауды талап ететін мәселе екенін, сондықтан этносаралық қақтығыстар туындамау үшін, мысалы, бір кеңістікте тұратын адамдар бір-біріне төзімділік көрсетуі ғана емес, өзара достық сезімін білдіруі тиіс екенін атап өтті.


«Қарапайым тілмен айтқанда, біз біраз уақыттан бері бірге тұрамыз. Адамдардың бір-бірімен тығыз араласуының нәтижесінде оларды өзара ортақ істер байланыстырады. Бірге оқып, некелесіп, достық, туыстық қатынастар дамиды, сондықтан бұл тұрғыда біздегі жағдай жақсы», — деді Евгений Нестеров.


Нағыз бірлік әрқашанда жалпы нақты істердің, адамдар мен мүдделердің айналасында қалыптасады. Ынтымақтастықтың жарқын мысалы — Иваново қаласының кәсіпкері, қазақ-орыс достығы қауымдастығының төрайымы Айжан Тузельбекованың қызметі. 2016 жылы ол Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеген болатын. Қауымдастық төрайымы «Еуразия диалогы» халықаралық қоры базасында Орталық Ресейде сауда-логистикалық хаб құруды ұсынды, сондай-ақ бірінші табиғи кеңістік Әлемдік мұра — Сарыарқаны «Ресейдің алтын белдеуімен» байланыстыратын бірлескен туристік кластер құруды ұсынды.


Осыған орай, 2018-2019 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, достықтың этнотуристік маршруттарын құру көзделген: «Қазақстанның інжу-маржандары» (Астана – Бурабай – Баянауыл – Катон - Қарағай), «Жібек жолы» (Алматы – Тараз – Шымкент - Түркістан) – «Золотое кольцо России» (Мәскеу, Владимир, Суздаль, Иваново, Кострома, Ярославль).


Сапар аясында қазақстандық делегация мүшелері Иваново, Ярославск, Кострома және Владимир облыстарының сауда-өнеркәсіптік палаталарының өкілдерімен кездесті. Пікір алмасу барысында ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко біздің республикамыздың туристік және сауда-экономикалық әлеуеті туралы айтып берді.


«Қазақстан – Иваново облысының негізгі сауда әріптестерінің бірі. Мәселен, алғашқы бес айдың ішінде екі ел арасындағы тауар айналымы 13 млн. АҚШ долларын құрады», — деп хабарлады Иваново облысының экономикалық даму және сауда департаментінің директоры Людмила Бадак.


Біздің елдеріміз арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін барлық жағдай жасалған. Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Ұлт істері жөніндегі федералдық агенттік арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 2018-2019 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Иваново облысының кәсіпкерлері мен Қазақстанның бизнес-қауымдастық өкілдерінің кездесулері тұрақты негізде өтеді. Иваново облысы әкімшілігі және Қарағанды мен Түркістан облыстарының әкімдері арасында әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Аталған кездесу біздің елдеріміз арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды тереңдетуге және халықтық дипломатияны дамытуға қызмет етеді.


Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы делегациясының өкілдері Ресейдегі қазақ диаспорасымен бірге "КухонЪ" фольклорлық-гастрономиялық ұлттық тағамдардың V фестиваліне қатысты, мұнда фестивальдің барлық қатысушыларына ұлттық тағамдар тегін ұсынылды, қазақтың дарқан дастарханы таныстырылды.


Қазақтың дәстүрлі тағамдары: қазақша ет, бауырсақ, палау, қымыз, шұбат, құрт, жент және басқа да тіл үйіретін ұлттық тағамдардың дәмін татып, ресейліктер таңдай қақты.




Көрілген: 1101    Пікірлер: 0

жұма, 24.08.2018, 12:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30