Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Белорус мәдени орталығы Елбасы Жолдауына үн қосты

  • Белорус мәдени орталығы Елбасы Жолдауына үн қосты

    Белорус мәдени орталығы Елбасы Жолдауына үн қосты

Елбасы Жолдауын еліміздегі түрлі этномәдени бірлестіктер кеңінен талқылап, жер-жерде жиын өткізіп қолдау білдіруде. Осындай келелі жиын Алматы қаласындағы Достық үйінде өтті. Нақты айтсақ Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мен түсіндіру үшін «Беларусь» мәдени орталығы аймақтық қоғамдық бірлестігінің отырысы болды.


Келелі жиында өнер адамдары, ғалымдар және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының, Беларусь этномәдени бірлестігінің мүшелері мен өкілдері, жастар және БАҚ тілшілері бас қосып Жолдаудан түйгендерін ортаға салып, мәдени орталық тарапынан нақты атқарылар істерді талқылады.


Басқосуда Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н.Балғымбаев Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол өз сөзінде білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. салаларға қатысты мәселелерге кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, келер жылдың «Жастар жылы» болып жариялануына байланысты Алматы қаласында әзірленіп жатқан іс-шаралар жоспарымен таныстырып, оларды жүзеге асыру жолдары туралы мәлімдеді.

Жиында сөз алған «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» ҚБ бас директоры А. Цеховой Жолдаудың алты бірдей бөлімі туралы сөз қозғап, оның жүзеге асырылуы барлық қазақстандықтардың ортақ ісі екендігін ерекше атап өтті. Тағы бір айта кетерлік жай, ортақ істі атқаруға атсалысу үшін еліміздегі бірнеше ЖОО-да жобаларды басқару бойынша арнайы мамандықтар ашылғандығын жеткізіп, магистрлар мен PhD докторлар даярланып жатқындығын хабарлады.


Одан кейін сөз алған Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Казбек Мамсуров құқық қорғау жүйесін реформалау, ішкі туризмді дамыту, өскелең ұрпақтың бойына рухани байлық пен мәдениетті сіңіру қажеттігі туралы ойларын ортаға салды.


Жиын соңында қатысушылар Жолдаудың барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс істеу қажеттігін бірауыздан қолдап, ел мұраты жолында ауызбірлік пен ынтымақ танытуымыз керек деп қортындылады.

Осы ретте айта кеткен жөн, қазақ пен беларусь халқының қарым-қатынасының тарихы бұрыннан басталды. Басында Беларусь ұлтының өкілдері елімізде сирек кездесетін. Кейіннен аздаған шаруалар қоныс аударып келе бастады. Олар XX ғасырдың басында Столыпин аграрлық реформасы бойынша Қазақстанға жер аударылғандар екен. Ал, Ұлы Отан соғысының кезінде Беларусь елінен адамдар, зауыттар, ғылыми және мәдени мекемелер көшірілген. Сол уақытта он мыңнан астам адам Беларусь елінен Қазақстанға көшіп келді. Тың игеру кезеңі басталған уақытта да сол елден елімізге ондаған мың ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар келді. Олардың кейбірі кейін қайтадан тарихи отандарына қайтып кетті, ал көпшілігі біздің елде тұрақтап қалған болатын. Сондан бері беларустар еліміздегі өзге ұлттармен тығыз қарым-қатынаста, тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Ал «Беларусь» мәдени орталығы туралы 2001 жылдың шілдесінде Астана қаласында ресми түрде тіркелген болатын. Бірлестіктің негізгі мақсаты - беларусь тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын сақтау, дамыту және насихаттау. Сонымен қатар Қазақстан мен Беларусь республикасы арасындағы мәдени және басқа да байланыстардың нығаюы мен дамуына үлестерін қосу.




Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

сенбі, 27.10.2018, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31