Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Бейбітшілік пен келісім кеңесі жыл сайын көп балалы отбасыларға көмек көрсетеді

  • Бейбітшілік пен келісім кеңесі жыл сайын көп балалы отбасыларға көмек көрсетеді

    Бейбітшілік пен келісім кеңесі жыл сайын көп балалы отбасыларға көмек көрсетеді

Алматыда «Бірінші сыныпқа - бірінші рет» атты ұранмен ҚР Бейбітшілік пен Келісім кеңесі және «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайынғы «Мектепке - жол» жалпы республикалық акциясы өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Бұл жолы мерекелік шара ерекше өтті. 18 жыл бұрын акция аясында мектепке керекті құралдарын алып, жақсы оқуға деген ниетпен айтылған тілектерін естіп келген балалар, бүгінгі ЖОО-ның түлектері қатысты. Олардың арасында қазіргі уақытта шетелде оқып жүрген Жапон елінің студенті Таир Әзірбаев, Санкт-Петербург қаласының жоғары оқу орындарының студенттерінің бірі Марина Гундикова келді.


Шара барасында ҚР Бейбітшілік пен Келісім кеңесі Басқармасының төрағасы, Халықаралық инженерлік академиясының академигі Асқар Құлыбаев 55 балаға мектепке керек барлық қажетті құралдармен, сөмкелерді табыстады.


- Тәуелсіз еліміздің болашағына игі ісіңіз, қосқан үлесіңіз үшін рахмет. Сіздер мемлекетіміздің өте маңызды әлеуметтік міндеттерінің орындалуына ықпал жасай аласыз, - деді «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов.


Дәстүр бойынша бірінші сыныпты тәмамдаған оқушылар өздерінің мектептегі жетістіктері жайлы әңгімелерін айтып, спорттық жарыстарда жеңіп алған мақтау қағаздар, құрмет грамоталары мен дипломдарын көрсетті.


Бейбітшілік пен келісім кеңесі үшін жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету дәстүрге айналған.


 




Көрілген: 660    Пікірлер: 0

жұма, 24.08.2018, 09:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31