Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Бірлік – азат елдің асыл мұраты

  • Бірлік – азат елдің асыл мұраты

    Бірлік – азат елдің асыл мұраты

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Рухани келісім күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Жиынды «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.


Іс-шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков жүргізді. Ел тұтастығы мен дінаралық бірлікті нығайтуға, қазақ ұлтының мәдени құндылықтарын насиxаттауға үлес қосқан кісілер салтанатты түрде бағалы сыйлықтармен, Алматы қаласы әкімдігінің алғыс xаттарымен марапатталды.


Салтанатты іс-шараға көптеген дін өкілдері мен қоғам қайраткерлері, жоғарғы және орта білім ордаларында оқып жүрген жастар қатысты. Шара барысында жиналған қонақтар еліміздегі бүгінгі ұлтаралық және дінаралық келісім тақырыбы аясында кеңінен пікір алысты.


Пастор Генадий, евангелистік лютерандық шіркеуі: Біздің шіркеуді кейде неміс шіркеуі деп атайды. Себебі біздің шіркеуімізде жаратушыға құлшылық ету және уағыздар неміс тілінде жүргізіледі.


Бүгін шынында да өте маңызды күн. Рухани келісім күні еш мемлекетте жоқ. Мен бұл сөзімді сенімді түрде айтып тұрмын.Өз басым бірнеше шет елдерде болдым, сол жақта қалып тұруға да мүмкіндігім болды. Бірақ менде менің жанұямның мүшелері де басқа мемлекетте тұрғымыз келмейді. Біз бәріміз бірауыздан өз отанымыз Қазақстанда тұрамыз деп шештік.


Басқа елдердегі ұлтаралық қатынастар бәрімізге де белгілі. Алысқа бармай-ақ жақын елдерде болған жағдайларды еске алсақ жетіп жатыр. Ол жақта бірнеше рет ұлтаралаық қақтығыстар орын алды. Мені сол елдегі таныстарым бір рет сондай қайғылы оқиға кездерінде қаза тапқан жандардың жатқан жеріне апарды. Жап-жас өрімдей қыз-жігіттердің қыршынынан қиылғанын құлпытастарындағы жазуларды көргендегі сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Ал біздің еліміз Қазақстанда тыныштық. Осыған риза болуымыз керек. Мен неміспін. 1941 жылы неміс халқының өкілдері Қазақстанға қалай жер аударылғаны бәрімізге белгілі. Ашық даланың суығынан бізді аман алып бауырына басқан қазақ халқына мың алғыс. Қазақтар әлі күнге дейін осындай. Осы Рухани келісім қазақ халқына алғысымды айта отырып бүгін осыған баса назар аударғым келеді.


Мамсуров Казбек Владимирович: Мен Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасарымын. Әрі Осетин этномәдени бірлестігін басқарамын. Елбасымыздың әрдайым айтатын елміздің ортақ мақсаттарын іске асыру үшін ұлттар достығының маңызын жүрегіммен жақсы түсінемін. Сондықтан адамдардың рухани жақындасу мәселелерімен айналысамын. Өз қызметімнің аясында бүкіл еліміздің ортақ мақсаттары орындалуына үлес қосуға барымды салып жүрмін. Бүгінгі іс-шара рухани жақындасу, келісім турасында. Бұл өте маңызды мәселе. Бізге керегі бір-бірімізге деген сыйластық. Бір біріміздің мәдениетімізге, тарихымызға түсінісіткпен қарау. Ұлтаралық достық Қазақстанда ерекше орын алады. Біздің елімізде заң жүзінде барлық ұлттардың дамуына жағдай жасалынған. Бұл өте баға жетпес құндылық екенін түсінуіміз керек.


Томас Русланович Томасов христиандық «Радость» жергілікті елуліктер діни бірлестігінің төрағасы: Мен бұл іс-шараға әлемдегі христиандық денаминацияның Қазақстандағы өкілі ретінде шақырылдым.Біздің шіркеу сол қоғамның бөлігі. Мен Дін жөніндегі Департаменттің жанындағы клуб істеріне жиі қатысып тұрамын, дегенмен бүгін бұл мерекеге алғаш рет қатысып отырмын. Қазақстандағы және Алматы қаласындағы жағдайды жақсы білемін. Сондықтан бұл шақыруды қуана қабылдадым. Осы шара рухани бірлікті іске асырудағы өте жақсы қадам деуге тұрарлық. Мен Қазақстандағы саны ең аз денаминацияның пасторы ретінде, бүгінгі шараға қатысуымды бізді мемлекеттің қолдауы деген қуанышымды жасырмаймын. Турасын айтқанда біз жанымызға жайлы рухани жағдайда өмір сүріп жатырмыз деп толық айта аламын.


Александр Анатольевич Суворов, проитерей, Қазақстандағы православия шіркеуінің қоғамен байланыс бөлімінің төрағасы: Қазақстанда Рухани келісім күнінің болуы өте маңызды. Бұл Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттар мен түрлі діни сенімдер өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасының өзіндік еркшелігі бар моделі. Біздің бұл жағынан алғанда басқа мемлекеттерге үлгі екенін мақтанышпен айтуға болады. Қазіргі жастар білмеуі мүмкін, бірақ жасы үлкендердің есінде. Кезінде Латын америкасының бір елінде ұран болған мынадай сөз болған еді: «Уен пебло унидо амаса равн сидо» — біздің тіліміздегі мағынасы «Бірге тұтас болсақ бізді ешкім жеңе алмайды». Міне, бүгінгі Рухани келісім күні бізді осындай болашаққа жетелейді.


Арман Әубәкір, «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігінің басшысы: Қазақ елінде байырғы заманнан сақ, ғұн, сонау Шыңғыс хан кезінен дін бостағындығы орын алған. Ұлы далада еркін ғұмыр кешкен біздің бабаларымыз барлық діндердің бостандығын қамтамасыз ете білді. Біз бүгін әртүрлі діндердің өкілдерінің Қазақстан атты зайырлы мемлекетімізде бірге тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанының куәсі болып отырмыз. Осы жерде мемлекеттік тіліміздің орны ерекше. Ол қазір бүкіл елді біріктіретін рухани күш болып тұр.


Біздің «Адырна» бірлестігі он жылдан бері осындай іс-шараларды өткізумен айналысуда. «Мәңгілік ел» идеясын ту еткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бабаларымыздың дара жолының жалғасындай ұлттар мен түрлі дін өкілдерінің достығын қамтамасын ету ұстанымдарын қалыптастырып, еліміз нақты нәтижелерге жетіп отыр. 



Осы мерекелік іс-шараға Ұлттық кітапхана діни басылымдар көрмесін ұсынып ерекше сыйлық жасады. Салтанатты іс-шарадан соң түрлі дін өкілдері мен қоғам қайраткерлері осы Масанчи көшесінің бойына шырша мен қайың ағаштарын отырғызу рәсіміне қатысты.


Бердалы Оспан


 




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.10.2018, 11:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31