Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Денис Тенге арналған көрмеге алматылықтар ағылуда

  • Денис Тенге арналған көрмеге алматылықтар ағылуда

    Денис Тенге арналған көрмеге алматылықтар ағылуда

«Esentaі Gallery» көрме залында әлемге әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне арналған көрме ашылды. Тағылымы терең ізгі шараға келген алматылық көрермендердің арасында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева да болды. Спортшының сан қырлылығын көрсетуді көздеген игі шараны оның отбасы мен жақын достары ұйымдастырған. Көрменің ашылу рәсімінде достары мен Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева дүние жүзіне белгілі спорт саңлағын еске алып, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. Денис Теннің ұлты кәріс болғанымен жаны қазақ, нағыз елін сүйген азамат еді. Ол өзінің қысқа ғана ғұмырында қазақ елін қалтқысыз сүюдің үлгісін көрсетіп кетті. Алматыда,жалпы Қазақстантанда өмір сүріп жатқан кәріс диаспорасының өкілдерінен бөлек, еліміздің әрбір азаматы Денисті мақтан етеді. 


– Бұл орны толмас өкініш. Мен Денистің анасын жақсы түсінемін, себебі, кезінде біздің отбасымызда да осындай қайғылы оқиға орын алған еді. Аяулы анам 30 жыл бойы інімді жоқтап жылаған еді. Денистің жетістіктерімен қанша мақтанғанмен, ата-ана үшін ол, ең алдымен, қаны мен жанынан жаралған сүйікті перзенті болып табылады. Спорт саласынан кейін Денис немен шұғылданатынын елестетіп көрейікші. Ол, ең алдымен, жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге, үлкен бедел еді. Біздің мақсатымыз – оның жұмысын, жоспарын жалғастыру. Батырхан Шүкенов пен Денис Теннің өлімі мені қатты күйзелтті. Олар біздің батырларымыз, көшбас­таушыларымыз, – деп жүректегі жылы лебізін жеткізген Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Оксана Тенге гүл сыйлады.


Көрермендер Денис Теннің өз қолымен жасаған фотожұмыстарын тамашалай алады. Медиа-интерактивті аймақта көрермендерге Астанада өткен Мұз шоуынан бейнекөріністер көрсетілді. Спортшының достары бұл кадрлар бұрын еш жерде көрсетілмегенін айтты. Көрме мұздың күш-қуатының символы ретінде бейнеленген көк түспен көркемделген. Көрмеде спортшының конькиі де көрермен назарына ұсынылды. Спортшының достары бұл көрме арқылы өмірде оның қандай адам болғанын көрерменге көрсеткісі келген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Денис Теннің өмірі көпшілікті биік шыңдарды бағындыруға әрі шығармашылық табыстарға жетелейді. Көрме 2 қыркүйекке дейін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.


almaty-akshamy.kz




Көрілген: 585    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.08.2018, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31