Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Халықаралық Этно-Фольклор-Джаз фестивалі

  • Халықаралық Этно-Фольклор-Джаз фестивалі

    Халықаралық Этно-Фольклор-Джаз фестивалі

Кеше Алматы қаласына қарасты Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен бірнеше іс-шара болып өтті. Әртүрлі бағытта қамтыған іс-шаралардың қайсысы болмасын жиналғандардың көңілінен шықты. Солардың бірі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткен Астана қаласының 20 жылдығына арналған Халықаралық этно-фольклор-джаз фестивалі.

Аталмыш іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, және ҚХА мүшелері, шығармашыл зиялы қауымның, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, танымал өнер шеберлері, этникалық музыка саласындағы озық қазақстандық және шетелдік ұжымдар, консерватория оқытушылары, БАҚ өкілдері мен Алматы қаласының тұрғындары қатысты. 

«Этно-фольклор-джаз» фестивалі – алғаш рет 2015 жылы Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткен, Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызы ерекше музыкалық іс-шара. Жыл сайын өтетін шараның биылғы жылғы ұйымдастырылуы да жоғары деңгейде өтті. 

Бұл Фестивальдің мақсаты – заманауи мәнерлі, инновациялық музыкалық бағыттарды көпке таныту арқылы Қазақстан аумағын мекендейтін этностардың мәдени дамуын және тарихи-мәдени мұрасын сақтау, этникалық әуендерді дәріптеп, жастардың арасында тарату. Фестиваль барысында бұл өнерге қызығушылардың қатары жоғары екенін байқадық.

Фестиваль жас және талантты шығармашыл ұжымдар, сондай-ақ Қазақстанның және Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан сияқты таяу шет елдерінің этно-фольклорлық музыкасын орындаушылар үшін бірегей алаңшаға айналғаны байқалады.

Қатысушылар қатарында Астанадан этно-фольклорлық жанрдың белгілі орындаушысы Еділ Құсайынов, Ташкент қаласынан «Город Солнце» джаз-квартеті, Бішкек қаласынан «Аура» аспаптық-джаз тобы, Үндістаннан Jonny Gazz және басқалар өнер көрсетті.

Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар үздік ұжым, үздік этно-туынды, үздік жеке орындаушы, ұлттық бояуды сақтағаны үшін, этникалық әуенді ерекше түрлендіргені үшін деген аталымдар бойынша марапатталды. 


Еркенұр Ерзия

 




Көрілген: 869    Пікірлер: 0

сенбі, 22.09.2018, 15:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30