Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Жас көшбасшылар өз қатарластарын табысқа жетелейді

  • Жас көшбасшылар өз қатарластарын табысқа жетелейді

    Жас көшбасшылар өз қатарластарын табысқа жетелейді

«Арман дала» балаларды сауықтыру орталығының аумағында Қазақстан жастары және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген қонақтар үшін ұйымдастырылып жатқан «Бірлік» Халықаралық лагерінде екінші кездесу өтті: жас көшбасшылар, Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары — режиссер-сценарист Әзиз Заиров, «Әдемі-ай Plus» компаниясының президенті Бахаргүл Төлеген, Қ. И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗИ, Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің сениор-лекторы Хадичахан Рафикова, физика, ақпарат, математика, саласында 28 патенті мен авторлық құқығы бар жас өнертапқыш Тимур Рыспеков.

Шақырылған спикерлер өздерінің табыстарымен бөлісіп, өз өмірлері жайында айтып берді. Сондай-ақ олар осы секілді кездесулердің маңызын, жастардың бүгінгі күндегі мүмкіндіктерін, жалпы елдің даму келешегін атап кетті.


Аталмыш лагерьдің аясында республиканың әр аймағынан, көршілес елден келген жастар жай ғана пікір алмасып қана қоймай, бұдан әрі өзара қатынас орнату, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының, өздеріндегі этномәдени бірлестіктерінде шара ұйымдастырып өткізу тәжірибесін алу мүмкіндіктерін қарастырды.

«Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысын құрудағы басты мақсат Қазақстандағы жастардың басын қосу ғана емес, өзара қарым-қатынаста болу, шаралар өткізу, ел игілігіне жарайтын тәжірибелермен алмасу екені белгілі еді.


Күн тәртібіндегі бағдарлама барысында қозғалыстың өңірлік өкілдері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы уақыттарға жоспарларымен бөлісті.

Астана қаласындағы «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары Анастасия Тимощенко-Боровикова Қазақстан халқы Ассмаблеясы жастар қозғалысының қызметі туралы баяндап берді. Сонымен қатар қозғалыстың ірі жобасы — «Ұлы Дала елінің қасиетті мұралары» жобасы туралы кеңінен тарқатып кетті.

Бірінші кезең Ұлы Отан соғысы күніне орай 2018 жылдың 5 мамырында бастау алды. Өтікізілген 174 шара 38 адамды қамтыды. Сонымен қатар «Қамқор» акциясы бір реттік емес, ол жыл бойы өткізіліп тұрады. «Болашақ үшін естелік» халықаралық форум аясында өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Тағзым» акциясы 30 мамырда іске қосылды. Үшінші кезең әр аймақтағы жастарға қасиетті жерлерді зерттеуде тек қана өз аймағын ғана аралап қоймай, көршілес елдерің шекарасын, Қазақстанның сұлу тарихи жерлерін зерттеп көруге мүмкіндік беруімен қызықты.Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының қозғалыс өкілдері өз аймақтарында аталған жоба аясында жасалған жұмыстар туралы баяндап, фотоесеп ұсынды. Бұдан бөлек жастар қозғалысының қолдауымен өткізуге болатын басқа да акцияларды ұйымдастыру идеяларымен бөлісті.  




Көрілген: 666    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.09.2018, 09:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31