Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Жоңғар Алатауының биігінде Астананың 20-жылдығына арналған форум өтті

  • Жоңғар Алатауының биігінде Астананың 20-жылдығына арналған форум өтті

    Жоңғар Алатауының биігінде Астананың 20-жылдығына арналған форум өтті

Алматы облысының көрікті жерлерінің бірі – Орталық Азиядағы ең биік (112 метр) Бұрқан Бұлақ сарқырамасы орналасқан Қора шатқалында Астананың 20-жылдығын мерекелеу аясында «Мақтанышым – Астанам» атты  форум өтті.


Аталмыш шараны Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы қаласына қарасты этномәлени орталықтар,  «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» мен «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігі ұйымдастырып өткізді.


«Таубұлақ» экокемпингінде өткізілген игілікті іске Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығы, Достық үйі қызметкерлері, Этномәдени бірлестік мүшелері, «Жаңғыру жолы» штабы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, Көксу, Қаратал, Ескелді аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының орыс сыныптарына дәріс беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары қатысты.


Шараның салтанатты ашылуында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Ләйлім Көнекбаева құттықтау сөз сөйлеп, «Жаңғыру жолы» штабының мүшесі Евгения Еременко шараның жоспарымен таныстырды.


Үш күндік айтулы жиынды өткізудегі негізгі мақсат – жас буын өкілдерін отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімін қалыптастыру, қазақ халқының тарихына деген қызығушылықты арттыру, жастардың өмірдегі ұстанымына қолдау көрсетіп, алға қойған мақсат-жоспарларын жүзеге асыруға қолғабыс жасау. 




Көрілген: 823    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.08.2018, 16:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31