Қариялар Түрген шатқалында «Алтын Өрік» фестиваліне қатысты
Алматы қаласындағы Жетісу ауданы әкімінің аппараты 6 қазанда жүз зейнеткерді Іле Алатауының етегінде орналасқан «Түрген шатқалына» экскурсияға апарды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Бұл шара «Қарт адамдар» айлығының аясында ұйымдастырылып отыр. Экскурсияға Алматы қаласында тұратын әртүрлі ұлттың өкілдері қатысты. Қариялар Іле Алатауының етегінде орналасқан Түрген шатқалында «Алтын Өрік» күзгі түрлендіру фестиваліне қатысты.
«Алтын Өрік» күзгі түрлендіру фестивалі алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Фестиваль бағдарламасына өрік жапырақтарының күзгі түрленуі, үлкен азық-түлік алаңы және әр түрлі ойын-сауық бағдарламалары, әсем Алатау тауларының сұлулығын тамашалау кірді. Зейнеткерлер үшін таза ауада, әсем күзгі ландшафтты тамашалауға арналған пик-ник ұйымдастырылды.
Концерттік бағдарламаға Первомайский Мәдениет үйінің «Қайран жастық» және «Первомайские зори» хорының қатысушылары да қатысты. Шақырылған қарттар Жетісу ауданы әкімінің аппаратына ұйымдастырылған экскурсия үшін ризашылығын білдіріп, өзара жағымды әсерлерімен бөлісті.
Осындай игі шаралар қаламыздағы әртүрлі ұлт өкілдерін бұрынғыданда жақындастырып, татулық пен ынтымақты күшейте түсуге ықпал ететіні белгілі. Сондықтан бірлік пен татулықты насихаттайтын бұндай шаралар көптеп ұйымдастырылса жөн болар еді.
Нұрлы Еділов