Қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды
Елбасымыздың мектеп оқушыларының толық мектепке баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау барысында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы еліміздің барлық аймақтарында 1 тамыздан басталып кетті. Биыл «Мектепке жол» республикалық акциясы «Балаларға көмек-менің таңдауым» ұранымен өтуде.
2018 жылы 28 тамызда №12 мектеп-гимназиясында Медеу ауданы әкімінің аппараты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Жиын барысында аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына мектеп формаларын табыстады. Сондай-ақ Медеу ауданына қарасты ұйымдастырылған мұндай қайырымдылық шараларында этномәдени орталықтардың да қолтаңбасы бар. Ассамблеяның бір жұмыс бағыттарының бірі ретінде қайырымдылық шараларын ұйымдастыру міндетіне енгізілгелі бері өңірдегі Ассамблеялық орталықтар бұл шарадан қалыс қалған емес. Соның арқасында аудан бойынша мыңдаған оқушы, оқу қрал жабдықтарымен және киім кешекпен қаматамысз етіліп мектеп табалдырығын аттады.
Еркенұр Ерзия