Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Қазақ-поляк ынтымақтастығы артып келеді

  • Қазақ-поляк ынтымақтастығы артып келеді

    Қазақ-поляк ынтымақтастығы артып келеді

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, заң ғылымының докторы, профессор Өмірәлі Шакарапұлы Жалаиридің шақыруымен әрі халықаралық ынтымақтастық аясында 24-28 қыркүйекте Алматыға құрамында заң ғылымының докторы, профессор, Катовице экономикалық университетінің проректоры, Зеленогорск университеті заң факультетінің Конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі Анджей Биштыга мен заң ғылымының докторы, Катовице қаласындағы KatowіceSchoolofEconomіcs – Горношланска Жоғары сауда мектебінің басқару/әкімшілік кафедрасының профессоры Стефан Дырка бар поляк профессорларының делегациясы келді.

Профессор Биштыга Д.А.Қонаев атындағы Еуразия­лық заң академиясының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына салыстырмалы конституциялық және еуропалық құқық, ал доктор Стефан Дырка ғаламданудың ұлттық экономиканы трансформациялау үрдісіне ықпалы және зияткерлік әрі адами капиталды қалыптастыру тақырыбына арналған дәрістер оқыды. Бұл курстарға оңтүстік астанадағы басқа жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары да қатысты. Поляк ғалымдарының Алматыға сапары Қазақстан Республикасы мен Поляк Республикасының арасындағы ынтымақ­тастықтың дамуына, сондай-ақ екі елдің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығының арта түсуіне ықпал етеді. Сапар барысында Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы және Зеленогорск университеті, KatowіceSchoolofEconomіcs арасындағы келісімдер жасалды. Академия профессорларымен ғылыми және дидактикалық байланыс орнатылды.


Екі ел арасындағы байланыс барысында білім мен ғылымның да көкжиегі кеңейе түсері анық. 




Көрілген: 733    Пікірлер: 0

жұма, 05.10.2018, 00:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30