Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Қазақстан халқы Ассамблеясы ЖОО-лармен ынтымақтасу аясын одан ары кеңейтпек

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы ЖОО-лармен ынтымақтасу аясын одан ары кеңейтпек

    Қазақстан халқы Ассамблеясы ЖОО-лармен ынтымақтасу аясын одан ары кеңейтпек

Бүгін Елбасы кітапханасында ҚХА-ның «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» атты республикалық семинар-тренингі болып жатыр. Осы шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Тұран» университетінің басшылығы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


«Тұран» университеті 1992 жылы Алматы қаласында құрылып, тіркелген білім беру корпорациясы.  


Университет басшылығымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко: «Қазақстан халқы Ассамблеясы жастармен жұмыс жасау үшін қаншалықты көп көңіл бөліп отырғаны баршаңызға белгілі. «Жаңғыру жолы» атты республикалық жастар қозғалысы бар. Осы ұйымының жұмысы Қазақстанның барлық өңірлерінде дамып келеді. Еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының базаларында Ассамблеямыздың 40 кафедрасы мен орталығы ашылды. Олардың барлығы да жастармен бірлесіп жұмыс атқаруда. Бүгін міне ЖОО-лармен ынтымақтастықты бұдан ары да кеңейте түспекпіз. Сондықтан «Тұран» университетімен келісімге келіп отырмыз. Мен басқа салалармен қатар медиация саласында дамыту бағытында да «Тұран» университетімен бірлесіп жұмыс атқарамыз деген ойдамын» - деді сөз кезегінде.


Сонымен қатар семинар-тренингте Леонид Прокопенко еліміздегі медиация институтының жұмысын ілгерілету мақсатында  Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық қоғамдық алаңдарын осы іске жұмылдыратынын да атап өтті.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 720    Пікірлер: 0

жұма, 24.08.2018, 20:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30