Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Конституциясының күнімен құттықтады

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Конституциясының күнімен құттықтады

    Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Конституциясының күнімен құттықтады

 Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Конституциясының күнімен шын ықыласпен құттықтайды!


1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда еліміздің қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Ол адам өмірін, оның құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылықтар деп айқындап, ел дамуының негізін қалады. Әлеуметтік бағдарланған экономика, идеологиялық және саяси әралуандық, баршаның заң алдындағы теңдігі Қазақстанның құқықтық дамуының басымдықтары болып табылады.


Елдің Ата заңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі табыспен жүзеге асырылған.


Тәуелсіздік жылдары Қазақстан қуатты мемлекетке айналды. Біздің барлық табыстарымыз бен жетістіктеріміз – түрлі этностар мен конфессиялардың өкілдерін біртұтас халық, біртұтас ұлт етіп біріктірген дәйекті саясаттың жемісі.


Қымбатты отандастар!


Бүгінде Конституция Қазақстанды әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына жеткізу жолындағы жаңғыртуды, демократиялық институттарды нығайтуды, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мен қоғамды жұмылдыру процесін одан әрі іске асырудың қуатты факторы болып табылады.


Осынау мерекелі күні барша қазақстандықтарға бейбіт күн, игі табыстар мен берекелі бірлік тілейміз! Әр шаңырақта татулық, келісім мен өзара түсіністік орнап, бұл мереке әрдайым бойымызға күш-қуат, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде көңілімізге сенім берсін!


Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі




Көрілген: 938    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.08.2018, 23:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30