Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Этно-FASHION» сән фестивалі өтті
Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «ЭТНО-FASHION» этностық сән фестивалі өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко арнайы Астанадан келіп қатысты. Сондай-ақ ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, шығармашыл зиялы қауымның және сән индустриясының өкілдері, танымал дизайнерлер, қоғам қайраткерлері, өнертанушылар, тарихшылар, жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарының киімді жобалау және дизайн жасау мамандықтарының студенттері, этномәдени бірлестіктердің, бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Фестиваль этностильде жұмыс істейтін талантты шеберлер мен дизайнерлерді танытып, қолдау көрсетуге және қазақстандық сән әлеміндегі этникалық бағыттарды дамытуға бағытталған.
Этнофестиваль шеңберінде «Ұлы дала өрнектері» атты қазақ этникалық элементтері бар кеңседе киетін және жастарға арналған киімдердің Fashion – көрсетілімі өтті.
Жәрмеңкеде отандық шеберлер мен зергерлердің жұмыстары: өңделіп, зергерлік қарамайға құйылған табиғи түсті әшекейлер; алтын мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдар; қыштан жасалған бұйымдар; барқыт пен киізден жасалған аксессуарлық заттар мен бұйымдар; кесте, ұлттық кілемдер, керамикадан жасалған әшекейлер, графикалық сурет салынған құмыралар, кәдесыйлар және басқа да талай жанды таң қалдыратын этно бұйымдар қойылған.
Қазақстанның белгілі дизайнерлерінің «Сәнді этнокиім» тақырыбына шеберлік сабақтарын ұйымдастырып,
Облыстардан келген дизайнерлер - Майкович Вера мен Мәуленова Алуа және Шоқпаров Дәулет секілді дизайнерлер киімде және әшекейлерде этникалық стильді пайдалану техникасымен бөлісті. Жиналған қауымның көңілінен шыққан іс-шараға жиналғандар өте көп болды.
Еркенүр Ерзия