Қазақстан мен Корея достығының белгісі
Алматы қаласындағы Корей Республикасының Бас консулы Чжон Сынг-Минға (JeonSeungMіn) «Еуразия тарихы бойынша құрметті докторы» дипломы салтанатты түрде табыс етілді.
Бас консул Тұран университетінің ректоры, профессор Р.Алшановқа және университеттің барлық ұжымына көрсеткен сеніміне алғысын білдірді. Чжон Сынг-Мин мырза Корей және Қазақстан халқының арасында рухани туыстықты атап өтті. Келешекте білім және ғылым саласында ынтымақтастықты дамытуға университеттің ұжымына өзінің ықыласын және тілегін жеткізді.
Тұран университетінің ректоры, профессор Рахман Алшанұлы өз кезегінде біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты дамытуда және Корей газеттеріндегі Қазақстан туралы мақалалар арқылы корей оқырмандарын таныстырудағы, Қазақстанның тарихын және мәдениетін оқып-білуде қызығушылық танытуларына Бас консул Чжон Сынг-Миннің қосқан үлесін атап өтті.
Салтанатты табыстаудан кейін Бас консул біздің университетіміздің «Аймақтану» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттері үшін «Корей халқының тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбына дәріс оқыды.
Еркенұр Ерзия