Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Қазақстандағы ұлтаралық ынтымақтастық халықаралық беделге ие

  • Қазақстандағы ұлтаралық ынтымақтастық халықаралық беделге ие

    Қазақстандағы ұлтаралық ынтымақтастық халықаралық беделге ие

 


Тарихтан белгілі, осыдан 26 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 29 қазанында Алматыда алғаш рет Қазақстан немістерінің съезі өткен болатын. Ал бұған дейін 1989 жылы Алматыда кеңес немістерінің қоғамдық саяси, мәдени-ағартушылық «Возрождение» бірлестігі құрылды. Бірлестік құрылғалы осы уақытқа дейін қыруар шарулар тындырып келеді. Бүгінде Алматыда 6,5 мыңға жуық этникалық неміс тұрады.


Елбасы биылғы Жолдауында еліміздегі агросекторлық кешенді барынша дамыту қажеттігін, ол үшін шетелдерден заманға сай агротехникаларды тартуды, оларды пайдаланудың оңтайлы жолдарын қарастыруды тапсырған еді. Бұл ретте Қазақстан үшін ең жақсы серіктестердің бірі Германия. Екі мемлекет арасындағы серіктестікті, достықты нығайта түсуге алтын көпір болатын біздің еліміздегі «Возрождение» Қазақстан немістерінің бірлестігі. Қордың Қамқорлық Кеңесінің төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі Альберт Раудың айтуынша, аталған қор Германиямен тығыз байланыста жұмыс істейді. Германияның этникалық немістерге қолдау білдіру бағлдарламасы аясында қор қаржыландырылып отырады. Жалпы, Германия бүгінде этиникалық немістер тұратын 21 елге қаржы бөледі. «Возрождение» Қазақстан немістерінің жеке сайтында қай өңірлерге қанша қаржы бөлінетіні, барлық шығындар ашық түрде жарияланып отырады.


Қор еліміздегі кәсіпкерлерге қолдау білдіруді мақсат тұтады. Қазақстанда туып, Германияда өздерінің кәсібін дөңгелетіп отырған отандастарымыз, сол жақта білім алған жас буын өкілдерінің Қазақстанда жұмыс істегісі келетіні қуантады. Өйткені олар тіл біледі, еліміздегі жағдайдан түгелдей хабардар. Екі ел арасындағы байланыс экономикалық қарым-қатынас берік болғанда нығая түседі. Адамдарда қызығушылық болғанда олар біздің елге келеді, жұмыс істейді. Бүгінде қор Германиядағы түрлі бизнес құрылымдармен, бірлестіктермен келісімшарттар жасасқан.Тіпті екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсу мақсатында 26 қазанда алғаш рет қазақстандық-германдық аграрлық форум да ұфйымдастырылған болатын. Осы форумға Германиядан арнайы келген өкілдер қазақстандық немістердің көбі аграрлық бизнесте жақсы нәтижеге жетіп жүргенін көріп таңқалыстарын жасырмады.  көрінеді. Елімізде аграрлық саланы басқарып жүрген білікті мамандар жетерлік. Мысалы, аграрлық саланың үздігі деп Иван Сауэрді айтуға болады. Елімізде немістер басқарып отырған бұдан басқа да түрлі ірі шаруашылықтар бар.


Қазақстан үшін аграрлық сектор – үлкен күш, оның болашағы зор. Ал Германияда өте жоғары технологиялар мен техника жақсы дамыған. Сондықтан бірлесе жұмыс істеу өте жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Раудың айтуынша,аграрлық саланың цифрландырылуы, жаңа технологиялардың енуі еліміздің аграрлық сала қызметкерлері үшін өте пайдалы. Болашақта қазақстандықтар Германияға барып, тәжірибе алмасуы да мүмкін екенін айтты Рау.


Мемелкет басшысы 2019 жылды Жастар жылы деп атаған болатын. Бүгінде еліміздегі неміс жастары қоғамдық жұмыстарға жиі  тартылады, оларға тіпті лауазымдық қызметтер де ұсынылады. Бүгінде неміс бірлестігі жастарға қатысты жаңа концепция бекітуді қарастыруда. Аталған концепцияға сәйкес қазақстандыө жас неміс бәсекге қабілетті, өз тілін жетік меңгерген, мемлекеттік тілді де білетін жан-жақты болуы шарт. Өткені бүгінде неміс инвесторлары Қзақстанда бірнеше ірі жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Сондықтан қазіргі кезде неміс тілін білетін, білікті, жан-жақты жастар аса қажет


"Ассамблея – Мемелкет басшысының негізгі мақсаттарын жүзеге асыратын жетекші механизмі. Кеңес одағы ыдырағанда Елбасы елдегі татулықты, ұлтаралық бірлікті сақтауды мақсат етті жәні бұл мақсатына жетті. Қазақстан Халқы Ассамблеясының маңыздылығын осыдан-ақ көруге болады", – дейді Альберт Рау. 


Айым Нұр  


 


 




Көрілген: 894    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.11.2018, 01:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30