Қазақстанның жоғарғы оқу орындары медиаторларды дайындайды
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Тұран» университетінің басшылығы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл ғана емес Ассамблея осыған дейін де бірнеше ЖОО мен медиатор дайындау туралы келісімшартқа отырған болатын.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы жастармен жұмыс атқару бағытына қаншалықты зор көңіл бөлетінін білесіздер. Бізде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы бар. Жастардың аталмыш ұйымының жұмысы Қазақстанның барлық өңірлерінде кеңінен қанат жайып келеді. Еліміздегі ірі ЖОО-лардың базаларында Ассамблеямыздың 40 кафедрасы мен орталығы ашылды. Олардың барлығы да жастармен бірлесе жұмыстарын жалғастырып жатыр. Біз бүгін мінекей, ЖОО-лармен ынтымақтасу аясын одан ары кеңейткелі отырмыз. Яғни, «Тұран» университетімен келісімге келдік. Мен басқа салалармен бірге медиация саласында дамыту тұрғысында да «Тұран» университетімен бірлесе жұмыс атқарамыз деген сенімдемін», - деді меморандумға қол қойған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко.
Еркенұр Ерзия