Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары арасында үздік әлеуметтік жоба анықталды
Алматы қаласында «Үкіметтік емес ұйымдар мектебі» жобасы аясында «Рухани жаңғыру: азаматтық сектордың әлеуметтік бастамалары мен жобалары» тақырыбында әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, Республикалық Достық Үйінің жұмысын қамтамасыз ету қызметі және «Қазақстанның ҮЕҰ АРО ұлттық жүйесі» Ассоциация нысанындағы ЗТБ ұйымдастырды.
Алматы қаласының мақсатты топтары үшін әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істеп жұрген үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын таныстыру мен әлеуметтік сала ұйымдарының оң имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шара аясында “Табысты әлеуметтік жобалардың тарихы” тақырыбында шеберлік сыныптары жүргізіліп, әлеуметтік жобаларды талқылау үшін дөңгелек үстел өткізілді.
ондай-ақ, шара аясында әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі өтті. Оған 31 үкіметтік емес ұйым қатысып, 36 әлеуметтік жоба ұсынылды.
«Ұсынылған әлеуметтік жобалардың ауқымы кең. Олар экология мәселесі, жастарға патриоттық білім беру, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, сейсмоқауіпсіздік секілді қоғамдағы маңызды мәселелерді қамтыған. Аталымдарды біз Алматыны дамытудың 7 басымдығы бойынша бөлдік. Бұл жұмыстардың барлығы да мемлекеттік тапсырыс тізіміне енгізу үшін мемлекеттік органдарға жолданады»,-деді Алматы қаласының Ақпараттық орталығы қорының директоры Алтынай Көбеева.
Еркенұр Ерзия