Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

ҚХА өзінің барлық қоғамдық алаңдарында медиация институтын насихаттамақ

  • ҚХА өзінің барлық қоғамдық алаңдарында медиация институтын насихаттамақ

    ҚХА өзінің барлық қоғамдық алаңдарында медиация институтын насихаттамақ

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» атты республикалық семинар-тренинг өткізді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Жиында сөз алған ҚХА Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко Қазақстан халқы Ассамблеяссы өзінің барлық қоғамдық алаңдарын медиация институтын насихаттауға жұмылдыратынын атап өтті.


«Қазіргі таңда қоғамда медиация институтының мәртебесі жыл санап артып келеді. Өйткені өзара дау-жанжалы бар тараптар үшін медиация өте тиімді. Ең алдымен медиация арқылы екі тарапта көп уақытын үнемдей алады. Бірнеше айларға созылып кететін сот процедурасына қарағанда медиативті процедура адамдардың бір-екі сағат қана уақытын алады. Екіншіден, бұл үрдіс арқылы кикілжіңге келген қос тарап қаражаттарын да үнемдейтінің айтып өткім келеді. Атап айтқанда, медиаторлыққа ден қойған тараптарға адвокат жалдаудың, қымбат сараптамалар жасатудың, апталап қонақ үй жалдап тұрудың қажеті де жоқ. Үшіншіден, медиативтік келісім қос тарапты татуластырып, бір-біріне деген өкпе-реніштерін жояды. Міне, осы артықшылықтар медиациянының сот шешімдерінен мүлдем басқаша екенін көрсетіп, айқындап береді», - дейді Леонид Прокопенко.


ҚХА төрағасының орынбасарының айтуына қарағанда, бұнда соттағыдай жеңген тарап, жеңілген тарап деген болмайды. Медиацияда екі жақ та разы болып тарқасады. Осы ерекшелігімен медиация қоғамның дау-жанжалсыз дамуына ықпал ете алады деген тұжырым жасауға болады. Сондықтан, ҚХА-ның ендігі басты миссиясы - медиация институтын насихаттап, дәріптеу болмақ.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

сенбі, 25.08.2018, 10:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30