Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

«Көмбе нанның дәмінде» қазақ жерінде тұратын ұлттар мен ұлыстардың тағдыры көрініс тапқан

  • «Көмбе нанның дәмінде» қазақ жерінде тұратын ұлттар мен ұлыстардың тағдыры көрініс тапқан

    «Көмбе нанның дәмінде» қазақ жерінде тұратын ұлттар мен ұлыстардың тағдыры көрініс тапқан

 Алматыдағы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының репертуарындағы «Көмбе нанның дәмі» спектаклінің қойыла бастағанына да бір жылдан астам уақыт болды. Елімізде тату-тәтті өмір сүріп, ұрпақ өрбітіп отырған ұлттар мен ұлыстардың бауырластығы, ынтымағы мен бірлігін, қазақ халқының дархандығын арқау еткен спектакль Алматыдағы мектеп оқушыларына жиі көрсетіліп тұрады. Бұл қойылымды тұсаукесері өткен күннен бастап Алматы қаласындағы 38 этномәдени бірлестіктің өкілдері тамашалады.

Қазақ елін мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ-бірлігі жарасып, әртүрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ұлт пен ұлыстың Қазақстанға жер аударылуы мен көшіп келуінің әртүрлі себептері, тарихи жағдайларға байланысты түрлі салдары да бар. Жер шарының қай бөлігінен келсе де, өзге ұлт өкілдерін қазақ халқы бауырына басты, туғанындай көрді. Қабылдады. Елбасы да осы елдің азаматы ретінде кеңінен тыныстап, еңбек етуге мүмкіндік берді...

Тарихи жағдайлардың салдарынан Қазақстанға жер аударылған түрлі ұлт өкілдерінің тағдыры суреттелетін драматург Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмі» драмасы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында «Театр көктемі – 2017» фестивалінің аясында тұсауы кесіліп, көрерменге жол тартқан болатын. Бұған дейін жазушының «Ақтастағы Ахико» драмасы Асхат Маемировтың режиссерлік шешімімен сахналанған еді. Екінші шығармашылық жұмысында да тарихи тақырыпқа жүгінген драматургтың бұл шығармасы, өзіндік көркем шешімдер мен кейіпкерлер характерін ашудағы ізденістерімен ерекшеленді. Қойылымға режиссура талаптарына сай көрік қосқан Алма Кәкішева болса, тың сценографиялық шешім көрсеткен суретші Есенгелді Тұяқов болды. Алма Кәкішева кәсіби сахна өнеріне актриса ретінде аяқ басып, 2003 жылдан бері режиссерлік қызмет атқарып жүр. Тырнақалды жұмысы – «Көшкін» спектаклі (авт.Т.Жүженоғлы, ауд. О.Қыйқымов). Ол бас театрда «Жүз жылдық махаббат» (авт.Д.Исабеков), «Таңсұлу» (авт.Ғ.Есім), «Апалы-сіңлілі үшеу» (авт.А.Чехов, ауд.Ә.Бөпежанова), «Империядағы кеш» (авт.С.Асылбекұлы), «Алмас қылыш» (авт.І.Есенберлин, инсц.Ә.Бағдат) сынды туындыларды сахналады.

Кезекті жұмысы «Көмбе нанның дәмінде» сұрапыл соғыс жылдары Қазақстанға қоныс аударылған ұлт пен ұлыстардың күнделікті өмірі мен қазақ халқының қонақжайлылығы суреттеліп, олар бастан кешірген қиындықтар арқылы оқиға жалғасын тауып, ары қарай өрбиді. Кеңес өкіметінің солақай саясаты тұсында жер аударылған халықты сыртқа теппей, бауырмалдылық пен адамгершілік, мейірімділік пен қамқорлық танытқан қазақ халқының игі істері әспеттелетін қойылым, көркемдік тұтастықта шешілген. Пьесада да, қойылымда да басты қаһарман – халық. Бір ғана ауылда болып жатқан жағдай бүкіл республиканы қамтып, ойын балаларының мінез-құлқына да әсер еткен.

Қойылымға арқау болған негізгі тақырып ел мен елдің, ұлт пен ұт-тың бауырласу процесі, ұлтымыздың қонақжайлылығы. Туындыда қазақтың өзі қайғыдан қан жұтып, аш-жалаңаш отырса да, пана іздеп келген жұртты сыртқа теппей, ая¬лы алақанын қалай ұсынғаны баяндалады. Соғыс жылдары халықтың басына түскен нәубет, күштінің әлсізге көрсеткен өктемдігі, қарапайым ауыл адамдарының тіршілігі, бүкпесіз де боямасыз қалпында берілген


Спектакльдегі негізгі кейіпкерлерді Бауыржан Қаптағай, Омар Қиқымов, Данагүл Темірсұлтанова, Бақтияр Қожа, Гүлнәр Жақыпова, Ғайникамал Байқошқарова және тағы да басқа театрдың танымал әртістері сомдады. Театр сыншылары қойылымға жақсы деген баға берді.


Айым Нұр 




Көрілген: 720    Пікірлер: 0

сенбі, 17.11.2018, 00:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31