Жақында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен Руxани келісім күніне арналған кешенді іс-шара өтті.
Іс-шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков жүргізді. Ел тұтастығы мен дінаралық бірлікті нығайтуға, қазақ ұлтының мәдени құндылықтарын насиxаттауға үлес қосқан кісілер салтанатты түрде бағалы сыйлықтармен, Алматы қаласы әкімдігінің алғыс xаттарымен марапатталды. Шара аясында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонау Сақ, Ғұн, Көне түрік қағандықтарының сол замандардағы діни толеранттылығы жайында шетелдік жазба деректері мен арxеологиялық материалдар жеткілікті. Ұлы даланы көктей өткен Ұлы Жібек жолына қатысты арxеологиялық материалдар да біздің жеріміздің түрлі мәдени алмасулар мен миссионерлік діни ағымдардың тоғысулар мекені болғанын айғақтайды.«Мәңгілік ел» идеясын ту еткен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев сол бабалар салған дара жолдың жалғасындай зайырлы мемлекеттің ұстанымдарын қалыптастырды. Еліміздегі барлық дін өкілдері тең.
Олардың бір-біріне деген өзара сыйластығын, бір жиында бас қосып пікір алмасу мәдениетін қалыптастыруы діни радикализмнің алдын алудың тиімді жолы. «Басқа елдердегі ұлтаралық қатынастар бәрімізге де белгілі. Алысқа бармай-ақ жақын елдерде болған жағдайларды еске алсақ жетіп жатыр. Ол жақта бірнеше рет ұлтаралық қақтығыс болды. Сол елдегі таныстарым, сондай қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан жандардың жатқан жеріне апарған. Жап-жас өрімдей қыз-жігіттердің қыршынынан қиылғанын, құлпытастарындағы жазуларды көргендегі сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Ал біздің елімізде тыныштық. Осыған риза болуымыз керек. Неміспін. 1941 жылы неміс халқының өкілдері Қазақстанға қалай жер аударылғаны бәрімізге белгілі. Ашық даланың суығынан бізді аман алып, бауырына басқан қазақ халқына мың алғыс. Қазақтар әлі күнге дейін осындай. Сондықтан қазақ халқына алғысымды айтқым келеді» дейді евангелистік лютерандық шіркеуінің өкілі Пастор Генадий. Іс-шара соңында түрлі дін өкілдері мен қоғам қайраткерлері Масанчы көшесіндегі гүлзарға шырша мен қайың ағаштарын отырғызу рәсіміне қатысты.
Нұрлы Еділов