Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Кореялық дәрігерлер елімізде шұғыл көмекке зәру 9 нәрестенің жүрегіне ота жасады

  • Кореялық дәрігерлер елімізде шұғыл көмекке зәру 9 нәрестенің жүрегіне ота жасады

    Кореялық дәрігерлер елімізде шұғыл көмекке зәру 9 нәрестенің жүрегіне ота жасады

 Таяуда Алматыға бір трп кореялық дәрігерлер кедді. Кореялық дәрігерлер елімізде жаңа туған сәбилердің жүрегіне операция жасап жатыр. Жалпы саны 14 адам болып келген делегация бір аптаның ішінде шұғыл көмекке зәру 9 баланың жүрегіне ота жасап, өмірлерін арашалап қалмақ. Екі ел арасындағы ынтымақтастық, достықтың арқасында шетелдік дәрігерлер біздің елдің бүлдіршіндеріне қол ұшын беріп отыр. 


Ота квота арқылы жасалып жатқанымен, шетелдік білікті мамандардың шығынын корейлік тарап өздері көтерген. Ал ақ халаттылардың айтуынша, елімізде дүниеге келген балалардың жыл сайын кем дегенде, 4 мыңға жуығы жүрек ақауымен туады.


Екі қыздан кейін ұзақ күткен ұлы Әлімханның жүрек ақауымен дүниеге келуі ата-анасына ауыр соққан. Жамбыл облысынан келген Кәмшат жалғыз ұлының жүрегінде тесік бар екенін білгенде пышаққа қимаса да, тәуекелмен отаға берген.


«Жүрегінде шум бар деген соң УЗИ-ге түсірдік. Жүрегінде тесігі бар деп айтты бізге. Үлкен тесікті жамаймыз деді, жамады. Содан соң көк тамыр, қызыл тамырлар бар. Сол тамырларды бір-біріне кездеспейтіндей қылып қойды», – дейді Кәмшат БАЛЫМБЕТОВА.


Жүректің деформациялануын ерте қола алмағанда баланың ғұмыры қысқа болар еді дейді дәрігерлер. Елімізде дүние есігін ашқан әрбір 10-шы балада терең тамырлардың тромбозы және өкпе эмболиясы сынды өзге де жүрек ақаулары кездеседі екен. Ал 50 млн халқы бар Оңтүстік Корея елінде жүрек ақауымен туукөрсеткіші 1 пайызға да жетпейді.


«Осымен үшінші жыл қазақ жеріне келіп, балаларға операция жасап жатырмыз. Әріпстестік тәжірибе алмасу аясында былтыр отаны 70/30 пайызбен басым отаны корейлік дәрігерлер жасады. Қазір 50/50. Кейін керісінше, тәжірибе жинақталған соң отаның 70 пайызын жергілікті, 30 пайызын корейлік хирургтер жасайды», – деді профессор Джо Джун ЕНГ.


Ғалымдардың зерттеуінше, бүгінгі күні жүрек ақауының екі жүзге тарта түрі бар. Соның ішіндегі ең күрделі аурудың түрі – екі құлақша мен екі қарыншадан тұратын, төрт камераға қан таситын магистралды қос тамырдың орындарының ауысып тууы. Корейлік хирургтар осындай ақауы бар, туғанына тоғыз күн ғана болған шақалаққа қазақ дәрігерлерімен бірлесе операция жасап жатыр. Орындары ауысып кеткен қос күретамырды қиып, қайта жалғады. Жасанды қан айналымы жағдайында жүректі ашып алып жасаған ота 5 сағаттан соң сәтті аяқталды.


«Өте күрделігі соншалықты, операция кезінде өкпе мен жүректің қызметі толығымен тоқтатылады. Оның қызметін жасанды қан айналдыру өзіне алады. Соның нәтижесінде, біз жүректегі ақауларды қалыпқа келтіреміз», – деді Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» МКК бөлім меңгерушісі Қайрат ҚУАТБЕКОВ.


Елімізде 37 хирургиялық ота орталығы болса, оның 13-і балаларды емдеуге бағытталған. Жыл сайын елімізде шамамен, 400 мыңнан атсам сәби дүниеге келсе, олардың 4 мыңға жуығында жүрек ақауы анықталады екен.


«Алғашқы тәуілктерде, бір ай, бір жасқа дейін жасайтын түрлері бар. Ол мысалы, магистралдық тамырлардың транспозициясы. Жүректің сол жағының дамымай қалуы немес өкпе артиллериясының тарылуы. Қолқа тамырдың дамымай қалуы, үзіліп тұруы. Жүрек өзі төрт камерадан тұратын болса, кей жағдайларда екі немесе үш камералы болып қалады. Сондайда операция жасау қажет болады», – дейді Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» МКК бөлім меңгерушісі Қайрат ҚУАТБЕКОВ.


Цианоз, гиперволемия және гиповолемия сынды кіші қан айналым шеңберіндегі гемодинамикалық бұзылулар да аз емес. Ақ халаттылар балаларды аман алып қалу үшін жыл сайын екі жарым мың балаға жүректің ашық тәсілімен, шағын инвазиялық және эндоваскуляторлы, яғни шеткері тамырды тесу тәсілдерімен ота жасап келеді. Қазақ хиругтары алдағы уақытта Кореядан өзге, Италия, Ресей хиругтарымен де бірлесіп бала жүрегін емдеуді жалғастырмақ.

 


almaty.tv


 

Автор: Кореялық дәрігерлер елімізде шұғыл көмекке зәру 9 нәрестенің жүрегіне ота жасады




Көрілген: 611    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.08.2018, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31