Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Күлтегін» голливудтық мультфильмдерден еш кем түспейді

  • Күлтегін»  голливудтық мультфильмдерден еш кем түспейді

    Күлтегін» голливудтық мультфильмдерден еш кем түспейді

 Толықметражды анимациялық «Күлтегін» мультфильміндегі негізгі кейіпкерлерді еліміздің театр және кино актерлері дыбыстаған. Олардың қатарында: Қазақстанның халық артисі Нүкетай Мышбаева, Мерей Әжібеков, Динара Әбікеева және Филипп Волошин бар. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл фильм еліміздегі ежелден келе жатқан ынтымақ пен татулықты дәріптейді. 


Сонымен қатар көптеген голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дыбыстаған актерлер мен отандық танымал жас актерлер Рамазан Амантай(«Бизнес по-казахски»), Әлихан Байсұлтанов («Семья Базарбаевых») қатысқан. Режиссердің айтуынша, отандық актерлер тарихи кейіпкерлерді дыбыстауды аса жауапкершілікпен жасаған.


— Тарихи кейіпкерлерді дыбыстауда актерлар бар күшін салып жұмыс істеді. Жалпы бәрімізге де «Күлтегін» фильмі баға жетпес тәжірибе берді. Жиырмаға жуық еліміздің үздік компьютерлік графика және анимация мамандары жұмыс істеді. Бір жылдың ішінде ғана жасап шығардық. Бұл халықаралық стандарттар бойынша өте аз уақыт. Алайда, бар күшіміз бен жанымызды салып жасап шығарған бұл туынды кішкентай көрермендермізбен қатар, барлық қазақстандықтардың көңілдерінен шығатынына сенімдімін, — деді режиссер Адай Әбілдинов.


— Мультфильм кейіпкерлерін дыбыстағанды қатты ұнатам, өйткені осында ғана дауыстың көмегімен кейіпкеріңнің образын жасай аласың. Кейіпкердің мақсатын, ерекшеліктерін және астарлы әрекеттерін дауыс қана береді. Бұл ретте актер көптеген техникалық машықтармен қарулануы тиіс. Мен үшін мультфильмде жұмыс істеу – үлкен тәжірибе жинау деген сөз, — деді бала Күлтегінді орыс тіліне дыбыстаған Филипп Волошин.


— «Күлтегінді» көрген кезімде оның голливудтық мультфильмдерден еш кем түспейтінін байқадым. Мен бұл мультфильмде Білге Қағанның бала кезін дыбыстадым. Дубляждағы тәжірибем көп болмаса да, бұл дыбыстаудан ерекше ляззат алдым. Өйткені, менімен бірге досым Әлихан Байсұлтанов дыбыстауға қатысты. Ол Күлтегінді дыбыстады, — деді Рамазан Амантай.


ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің тапсырысы бойынша жас режиссер-аниматор Адай Әбілданың қолынан шыққан аталмыш тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы баяндайды. Естеріңізге сала кетейік, мультфильм 22 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрында прокатқа шығады.




Көрілген: 698    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.11.2018, 09:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30