"Мектепке жол" акциясында алматылық ассамблеялықтардың да үлесі бар
Дәл қазір еліміздің барлық өңірінде "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда. Осы орайда Алматы қалалық «Қоғамдық келісім» КММ-і республикалық «Мектепке жол» акциясына өзінің үлестерін қосты.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, кәсіпкер азаматтар, мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты: аз қамтылған көп балалы отбасыларының балаларына жаңа оқу жылының басында көмек көрсету болып табылады.
Жалпы жыл сайын «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер қалмай атсалысады. Биылғы іс-шара барысында да «Мектепке жол» атауымен өткен іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы, соның ішінде этномәдени бірлестіктердің көмегінің арқасында аз қамтылған, көп балалы әртүрлі ұлт өкілдерінің жүздеген баласына мектепке қажетті оқу құралдары, киім-кешектері, аяқ-киім, сөмкелері табысталды.
Еркенұр Ерзия