Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Өгізаяңмен жүретін уақыт жоқ

  • Өгізаяңмен жүретін уақыт жоқ

    Өгізаяңмен жүретін уақыт жоқ

2021 жылдың басында Қазақстанда кезекті парламенттік сайлау өтеді. Партиялардың бұл саяси науқанға дайындығы басталып кетті. Біреулері партияішілік іріктеу жүргізіп жатса,  басқалары атауына "ұлттық" сөзін қосты, үшіншілері белгілерін ауыстырып қана қоймай, партияны толық "жаңғыртқандарын" жариялады

Бүгін бұрынғы "Бірлік", ал қазір Adal партиясының көшбасшысы Серік Сұлтанғалимен сөйлесіп, партияның атауын неге өзгерткендері туралы шешім қабылдағанын және оның қызметінің қандай жаңа бағыттары бар екенін сұрадық.

Бұл саяси додаға қатысуға неге шешім қабылдадыңыздар?

Партия жайында, оң өзгерістерге атсалысу ниетіміз туралы айтпас бұрын, бірден әдепкі бірнеше сұраққа жауап беруге тырысайын. Көптеген азаматтарда «Серік Сұлтанғали деген кім өзі?» деген сауал туындауы мүмкін. Сондықтан өзім туралы қысқаша баяндайын. Сонау 1970-жылдары мен көптеген құрбыларым сияқты сол кездегі астанамыз Алматыға келдім, онда сол кездегі Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына оқуға түстіп, оны бітіріп шықтым.

Содан соң арнайы жолдамамен «Қазақ қала құрылысы жобасы» кәсіпорнында бес жыл бойы сәулетші болып жұмыс істедім. Кейін Алматы қаласындағы Октябрь ауданының бас сәулетшісі қызметін атқардым. Өзімнің құрылыс саласындағы еңбек жолымда жалпы республика бойынша түрлі қызмет сатыларынан өтіп, миллион шаршы метрге жуық нысанның бой көтеруіне тер төктім.

"Құрмет", "Парасат" ордендерімен және Ресейдің Ұлы Петр орденімен марапатталдым. Қоржынымда ел басшылығы таққан көптеген медальдары мен алғыс хаттар бар. Мен Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Түркістан қаласының Құрметті азаматымын. Қазақстанның Құрметті құрылысшысымын.

Ал сіз жеке секторға қалай жол салдыңыз?

 1984 жылы Алматы қалалық атқару комитетінің аппаратына негізгі қызмет жөніндегі инспектор болып ауыстырылдым. Бұл мансабымды Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып аяқтадым. Басқа уақыт келді, заман өзгерді, отбасым мен жақындарымды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қаражат табу керек болды. Сондықтан мен бизнеске кетуді жөн көрдім.

2005 жылы өзімнің "Айсель Қазақстан"сәулет-құрылыс компаниясының іргесін қаладым. Абай атындағы опера театрын, Лермонтов атындағы драма театрын, Әлібек Дінішев атындағы театрды қайта құру сияқты көптеген жобаларды жүзеге асырдық. Сонымен қатар, Қазақстан бойынша бірқатар мешіттердің құрылысын жүргіздік.

Партияны құрудың бастамашысы кім? Бұл шешімді қандай себептен қабылдадыңыздар?

Өткенге сәл тереңірек үңілейік. Естеріңізде болса, "Бірлік" партиясы екі қоғамдық бірлестіктің бірігуі арқылы құрылған: марқұм Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев өкілі болған "Әділет" және Алтыншаш Жағанова басқарған "Руханият" партиясы. Мақсұт Сұлтанұлы заңгер болғандықтан, "Әділет" партиясында заңның үстемдігі басым болды. "Руханиятта" Алтыншаш Қайыржанқызы мәдениет пен руханият салаларына басымдық берді.

Екеуі де еліміздің құрметті және танымал азаматтары. Екеуі де мені жақсы біледі және бірігу арқылы пайда болған партияны басқаруды ұсынды.

"Бірлік" партиясының атауын өзім ойлап таптым. Қараша айының басында біз партияның атауын Adal деп өзгерту туралы шешім қабылдадық.

Неліктен?

 Біздің партиямызда жастар көп. Солар арқылы өзара үндестікте халыққа қызмет етеміз. Сол жастарымыздың бастамасымен Adal атауы туды.

Бұл атауды таңдау қандай жағдаймен байланысты?

Шешім бірлесіп қабылданды. Жүргізілген талдау нәтижелерінде "Adal", яғни "әділдік" нұсқасы басым қолдаумен таңдап алынды. Көріп отырғаныңыздай, қазір халықтың әділеттілікке деген ұмтылысы зор, әрбір ахуалдың шындығы өзекті. Қазіргі қоғам бұл сөздің аясына көп нәрсені сыйғызады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестен бастап, әрбір шешімді қабылдаудың ашықтығына дейін. Біз осының бәрін сайлаушыларымызға бергіміз келеді.

Яғни, атау ғана емес, қызмет бағыты да өзгерді ме?

Әрине. Бұл ретте "Бірлік" партиясы аталған мәселелерді мүлдем қозғамады деп ойлау дұрыс емес. "Бірлікте" Заң үстемдігі, мәдениет пен руханиятты дамыту және экология сияқты бірқатар проблемалар назардан түспеген болатын. Енді біз қоғамымыздағы түйткілдерді кеңінен қамтимыз. Қоғамның өзгеріп, басқаша болып кеткенін Сіз де жоққа шығармайсыз ғой? Сондықтан партия мүшелері өзара үйлесіммен, тіл табыса жұмыс істеп, мақсаттары мен мүдделерін бүгінгі күннің қиындықтары мен шындықтарына сәйкес жүзеге асыруы тиіс.

Мысалы, жастарды біз қанша сынағанымызбен, олар біздің болашағымыз. Кейінгі буынның арасында елдің бұрынғы даму жолының үлгісін қабылдамайтындар көп. Сондықтан біз олардың амбицияларымен санасуға міндеттіміз, оларға барынша көмектесу керек, олардың көзқарастары өзгермейді және өз Отанына пайда әкеледі. Дәл сол себептен біз саяси кеңесті жаңарттық қазір барлық тізім жас та өршіл азаматтардан тұрады. Олардың барлығы өз салаларында қазіргі жағдайға жаңа оймен қарайды, өздерінің пікірлері бар.

Бірден айта кетейін, сол жастар құрамына қарамастан, Adal-дағы тәжірибелі тұлғалардың білім-білігі әркез ескеріледі, олармен де келісімге келіп отырамыз. Өйткені, болашаққа сенімді қадам басу үшін өткенді де білу керек, есте шығармаған ләзім.

Сіз жетекшілік ететін ұйымның аймақтарда филиалдары жұмыс істей ме? Қатарларыңыз қалай толығып жатыр, көпшіліктің жаңартылған партияға деген қызығушылығы бар ма?

 Әрине. Біздің өкілдіктеріміз еліміздің барлық 17 өңірінде ашылған. Adal-дың қатары жаңа мүшелерімен, соның ішінде ірі қауымдастықтармен белсенді түрде толықтырылуда. Мысалы, "Қазақстан Фермерлер Одағының" басшысы Жигули Дайрабаев біздің ұйымның саясатына сенім білдірді. Ол тәжірибелі, ауыл шаруашылығы саласы бойынша білікті, һәм беделді маман. Оның білімі мен идеялары бізге пайдалы болады. Лаура Мәлік бастаған "Эколог-практиктер қауымдастығы" да біздің қатарымызда. Осы сияқты мысалдарды тізбектей беруге болады.

 2016 жылғы Мәжіліс сайлауында "Бірлік" партиясына сайлаушылардың тек 0,29 %-ы дауыс берді және Парламентке өткен жоқсыздар. Енді қалай болар екен?..

 Иә, біз 2016 жылы 7 %-дық межені еңсере алмадық. Алайда, бұл бізге тек пайда әкелді. Біз жұмысты жалғастырамыз және әрқашан партиямыздың болашағы бар екеніне сенеміз. Осы жылдар бойы біз дайындалдық, барлығын, тіпті ұсақ-түйекке дейін ескердік. Енді Парламенттегі орындар үшін күресетін боламыз.

 Adal партиясының бюджеті қайдан келеді?

 Партия бюджеті біздің қолдаушыларымыздың демеушілігімен құрылған, ал олар көп. Әлемнің барлық партияларындағыдай, бізде де бюджетті қалыптастыратын мүшелік жарналар бар.

 Сіз өз ұсыныстарыңызды қалай іске асыруды жоспарлап отырсыз және қандай мерзімде?

 Өгізаяңмен, асықпай жүруге уақыт жоқ. Мен бірге құрған жоспарымызға сенемін, онда бәрі мұқият ойластырылған. Бар картамызды әзірге ашқым келмейді, бірақ біздің бес негізгі бағыттан тұратын нақты сайлау алдындағы бағдарламамыз бар екенін хабарлаймын. Олар  барлық азаматтарымыз жақсы өмір сүруге құқылы; кәсіпкерлік табысты мемлекеттің негізі; АӨК дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі; қуатты өңірлер  қуатты ел; азаматтарын барлық жағынан қорғайтын мемлекет. Бағдарламамыз жайында 19 қараша күні өтетін партия съезінде жан-жақты жарияланады.

Осы орайда мен тағы бірнеше өзгеріске тоқталғым келеді жақында Adal партиясы жаңартылған интернет сайтын таныстырады. Ал онда көптеген тартымды, пайдалы дүниелер болатынын атап өткім келеді. Барлық мәліметтерді әлі де айта алмаймын, бірақ аз-маз жариялайын. Қысқаша айтқанда, бұл ғаламтор көзінен еліміздің әрбір тұрғыны өз елді мекенінің проблемаларын көре алады және оларды шешуге дауыс беретін мүмкіндігі бар.

 Сіздің электораттарыңыз кімдер, яғни партияның саяси бағыты қандай?

Барлық партияларда бір электорат бар, ол халық! Мен біз үшін дауыс беруге шақырмаймын. Халық партия үшін дауыс беруге міндетті емес, сол партиялардың ұстанымдарымен танысып, өздерінің жарқын болашағы үшін дауыс беруі тиіс. Біз сол халықтың мүддесін қорғауға бағытталған ұстанымдарымызды жақында жария ететін боламыз.

Біздікі сөзсіз дұрыс! Дәлірек айтқанда, ортаның оң жағындамыз! Біз қоғам өмірінің барлық салаларын адамдар үшін әділеттілікті, биліктің дәйектілігі мен бизнестің бәсекеге қабілеттілігі қағидаттарында кең ауқымды жаңғыртуды қолдаймыз. Біздің аудитория  ШОБ өкілдері мен ауыл тұрғындары. Бұл саяси алаңда біз "Ауыл" және "Ақ жол" партияларымен күресетін боламыз.

 Серік Сұлтанғалиұлы, сіз көптен бері саясат сахнасында жүрсіз. Сізді Тұңғыш Президенттің  Елбасының жақтаушысы ретінде білеміз. Бұл сіздің сайлау риторикаңызға кері әсер етпей ме?

 Иә. Мен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының саясатының аясындағы құндылықтарды қолдаймын және оның еліміздің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймын.

Білесіз бе, мемлекет үшін 30 жыл, бұл тарих толқынында өте қысқа мерзім. Бірақ осы кезеңде біздің еліміз Елбасының салиқалы саясатының арқасында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары, егемендігіміздің бастапқы кезеңінде қалай өмір сүргенімізді есіңізге түсіріңізші. Сол кезде Қазақстанның экономикасы күйреп, жалақы, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы төлеу мүмкін болмады, тұтас өндіріс тоқтап қалды. Содан кейін сол кездегі Мемлекет басшысы өте қысқа мерзімде әлемнің көптеген саясаткерлері жоғары бағалаған көптеген дүниені жасай алды. Ол мемлекеттік құрылымдардың нақты жұмыс жүйесін құрды, экономикалық негізді қалыптастыруға жағдай жасады.

Бүгінгі таңда біздің басты игілігіміз этносаралық және конфессияаралық келісім болып табылатыны даусыз. Әлемде жергілікті қақтығыстар өршіп тұрған кезде, біздің бейбітшілігіміз әлі де мызғымай тұр.

Бұл әлем, сондай-ақ бүгінгі жетістіктер Елбасының еңбегі. Ол ұлтаралық араздыққа, ел үшін ең қиын уақытта деструктивті ағымдардың қанат жаюына жол бермеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бірегей институт Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды, ол 130-дан астам этностың достығын нығайтуға белсенді ықпал етуде.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары сабақтастықты, халқымыздың құндылықтары мен жетістіктерін сақтауға бағытталғаны мені қуантады. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның тарихын, халық көтерген мәселелерді және тез өзгеретін әлемдегі оқиғаларды талдай отырып, біз әлі де көп нәрсеге қол жеткізуіміз керек екенін түсінемін. Ал ол үшін бүгінгі таңдағы проблемаларды шешу қажет. Біз іске асырылып жатқан реформалардың нәтижелілігін қолдаймыз.

Біз сындарлы диалог пен тұрақты кері байланыс негізінде азаматтық қоғамның, билік пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қалаймыз. Бұл менің әріптестерімнің негізгі ұстанымдары мен идеялары. Біз саяси партиялар арасындағы сындарлы диалогты қолдаймыз.

 Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбатты жүргізген Асхат Есен




Көрілген: 2497    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31