А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында шығармашылық интеллигенция өкілдері студенттермен және училище мұғалімдерімен кездесу өткізді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының халық артисі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Лаки Кесоглу мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, II дәрежелі «Достық» орденінің иегері, Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни қатысты.
Кездесуде өнер қайраткерлері Елбасы Жолдауында айтылған мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Жастардың бойында патриотизмнің қалыптасуы, азаматтық ұстаным, туған жерге деген сүйіспеншілік, мәдениет пен өнер саласындағы білім беру мазмұны, мәдениет пен дәстүрлерді сақтай отырып ынтымақ пен бірлікті арттыру туралы келелі ой-толғамдарын ортаға салды.
Спикерлердің айтуынша, жас ұрпақты тәрбиелеуде және болашақ мамандарды оқытуда барлық құндылықтарға мән беру керек. Жас ұрпақ тәрбиесінде тәртіп пен алдыға нақты мақсат қоя білудің маңыз зор. Өйткені жастар – ертеңгі болашағымыз, мәдени құндылықтарды сақтаушылар.
Нұрлы Еділов