Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Оңтүстік астанада «Алматы жартылай марафоны» өтті

  • Оңтүстік астанада «Алматы жартылай марафоны» өтті

    Оңтүстік астанада «Алматы жартылай марафоны» өтті

 Алматыда алғаш рет «Жартылай марафон»  ұйымдастырылды. Оған Алматыда тұратын түрлі ұлт өкілдері және шетелдіктер қатысты. Марафонға қатысуға АҚШ, Франция, Жапония, Ресей, Қырғыз Республикасы мен өзге елдердің желаяқтары арнайы келді.


Мәреге бірінші болып 10 км. қашық­тыққа жүгіруден алға шыққан­дар жетті. Ерлер арасында Дмитрий Иванчуков (Мерке қ.), қыздар ара­сында Мадина Керимова, (Талды­қорған қ.) бірінші болып еңсерді.


Ең жүйрік жартылай марафоншы 21 км. қашықтықтықты бағындырған Илья Тяпкин (Бишкек қ.) болды. Ал әйелдер қатарынан ерлер арасындағы абсолютті чемпионнан небәрі 8 минутқа артта қалған Ситора Хами­дова (Термез қ.) жеңімпаз атанды.


– «Алматы жартылай марафоны» алғаш рет өтті. Енді ол жыл сайын күзде ұйымдастырылады. Жарты жылдан кейін 21 сәуірде біз барлық қатысушыларды ондаған мың жүгіруші күтетін шара – «Алматы марафонында» қарсы аламыз. Жүгіру жарыстарымыздың бәрі Орта­лық Азиядағы ең басты жүгіру жары­сына дайындық аясында өтеді», – деді «Бірінші болуға батылдық» корпоратив­тік қорының директоры Салтанат Қазыбаева.


Жарыс сөресіне жасы 60-тан асқан 41 қатысушы шықса, олардың 16-сы жартылай марафон қашықтығын еңсерді.


– Мен жүгіру жарыстарына бұрын­нан бері қатысып келемін. Тек Алматы немесе Қазақстанда емес, сонымен бірге шет елде өтетін жарыстарға үзбей қаты­суға тырысамын. Ешқашан мұнымен кәсіби түрде айналысқан жоқпын, дегенмен, осы уақытқа дейін 150 000 км. жүгірдім, – дейді жартылай марафонның 71 жастағы қатысушысы Марат Балта­баев. Марат Шәріпұлы жақында ардагер­лердің І Азия—Тынық мұхиты ойында­рында 3 алтын алқа алды. – Біздің ұраны­мыз – «Спорт – дініміз, ал жүгіру – дұғамыз». Оны күн сайын ұстанамыз. Мен баршаңызға спортпен шұғылдануға және өздеріңізді әрқашан сергек ұстауға кеңес беремін!


«Алматы жартылай марафонының» әр қатысушысы алқа алды. 21 км. қашық­тыққа жүгіруден абсолютті чемпиондар 1,5 миллион теңге көлемінде жүлде қорын өзара бөлісті.


Қазақстанның ірі мегаполисінде келесі жүгіру жарысы 10 қарашада Сайран өзенінің жағасында өтеді. Бұл Күзгі жүгіру жарысы болмақ.


Жарыс ұйымдастырушылары – «Бірінші болуға батылдық» корпора­тивтік қоры, World Class Almaty фитнес-клубы және Академик Ш.Есенов атын­дағы ғылыми-білім беру қоры. Алматы қаласы әкімдігі қолдау көрсетеді. Жар­тылай марафонның құрметті серіктесі – EUROPHARMA дәріханалар желісі.


Нұрлан СҮЙІН




Көрілген: 604    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.10.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30