Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Өзін өзі дамытуға арналған тренинг өтті

  • Өзін өзі дамытуға арналған тренинг өтті

    Өзін өзі дамытуға арналған тренинг өтті

Кеше Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының жергілікті бөлімшесінің ұйытқы болуымен өзін-өзі дамыту, өзіндік маркетингтік стратегия және өзін таныту бойынша «PRодвигай себя» тақырыбындағы тренинг өтті.

Тренингке «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының белсенділері, жоғары оқу орындары және колледждердің студенттері, блогерлер, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының көшбасшылары және басқа да белсенді жастар қатысты.

Кездесу TEDx форматында өтті. Спикерлер ашық алаңшада орналасқан аудитория алдында трибунасыз сөз сөйледі. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары кәсіпкер, меценат, Синегерия университетінің қазақстандық өкілдігінің бас директоры Бауыржан Қасымбергебаев, спортшы, волейболдан паралимпиадалық жастар командасының капитаны Серік Есматов, Қазақстанның жалауын алып, дүние жүзіне велосипедпен жалғыз саяхат жасаған түңғыш қазақстандық Мағжан Сағымбаев және басқа да бірқатар жоба жеңімпаздары өз жетістіктерімен бөлісті,


 Бауыржан Қасымбергебаев, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы кәсіпкер, меценат, Синегерия университетінің қазақстандық өкілдігінің бас директоры:


- Мұндай іс-шаралардың жастарға беретін тәлімі мол. Негізі бүгінгі заман, заманауи, әмбебап, іскер азаматтардың заманы. Осы орайда Қазақстандағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жастарды ынталандыруда пайдасы мол деп санаймын. Жалпы бұл «Жүз жаңа есім» жобасының мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау болып табылады. Осы бағытта бағыт бағдар беру маңызды.


Тренинг жастардың бойында заманауи технологияларды пайдалана отырып өзін-өзі дамыту және танымалдық деңгейін арттыру бойынша нақты дағдыларды дамыту және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары мен жас көшбасшыларды насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Іс-шараға жиналғандар жобаға жоғары баға берді. Демек жоба өзінің басты мақсатына жетті деуге болады.


Еркенұр Ерзия

 




Көрілген: 1098    Пікірлер: 0

сенбі, 22.09.2018, 15:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30