Рухани жаңғыру сананы жаңғырту
15-31 қазан аралығына жоспарланған Қазақстанның барлық өңірінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру үшін кадрларды қарқынды дайындау» семинар-тренингтері жүріп жатыр. Сондай басқосу Алматы қаласында да өтті.
Шараны Алматы қаласы Қазақстан Халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесі ұйымдастырды. Шараға мемлекеттік мекемелер, баспасөз қызметтері басшылары, журналистер қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сауатты жүзеге асыру жолдары түсіндірілді. Кадрларға жаңа бағыт беру, жаңа әдістерді көрсету жөнінде және т.б.тұшымды ой-толғамдар ортаға салынды. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру үшін кадрларды қарқынды дайындау мақсатында 15-31 қазан аралығында Қазақстан бойынша үлкен жұмыс атқарып келеді. Білім кеңістігін кеңейткен сабақтар мағыналы болды. Күн тәртібінен түспейтін мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс істеуге қажет машықтарға дағдыланып, жаңа технологияларды қолдану жолдары түсіндірілді. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын кадрлардың шешуші құзыретті өкілдіктерін дайындау және дамыту үшін ұйымдастырылған семинар-тренингте тәжірибелі мамандар шеберлік сағаттарын өткізді. 2017 жылдың сәуірінде жарияланған Елбасы мақаласы қалың бұқара санасына әлі де ойдағыдай сіңбей келеді деген пікір шындыққа саяды. Әлеуметтік желілерде қалай жұмыс істеу керек, нысанаға алған бағдарламаның негізгі міндеті неде екендігі талқыланды. Материалды халыққа қарапайым тілмен жеткізу қажет. Бұл орайда спикер ролі ерекше. Алдымен оның сауаттылығы мәселені шешудің тиімді бағыты болады. Көпшілік алдында сөйлеу мәнері, басқару құзыреті машықтарын жетілдіруі маңызды. Сонымен бірге digital-коммуникация, цифрландыру әдістерін үйреткен дәрістер оқылды.
Еркенұр Ерзия