Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Тамара Агапова, Украин мәдени орталығының төрайымы: «Біз өзге мемлекеттерге үлгі болып отырмыз»

  • Тамара Агапова, Украин мәдени орталығының төрайымы: «Біз өзге мемлекеттерге үлгі болып отырмыз»

    Тамара Агапова, Украин мәдени орталығының төрайымы: «Біз өзге мемлекеттерге үлгі болып отырмыз»

Қазақстанның тарихына қарасақ, біздің еліміз қашанда бейбітшілік пен ынтымақты сақтауды алдыңғы орынға қойған. Ұлттар татулығы мен ұлыстар бірлігіне баса мән беріп келеді. Қазақстанда өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін, тілін дамытуға бағытталған этномәдени орталықтар жұмыс істейді.


Сондай орталықтың бірі – Алматы қаласындағы Украин мәдени орталығы. Ұйым төрайымы Тамара Агапованың айтуынша, Қазақстанның көпұлтты саясаты өзге елдерге үлгі.


«Бейбітшілік пен келісім, халықтар бірлігі мен достастығы – Қазақстан үшін ең маңызды дүниелер. Бұрын да солай болған, солай бола да береді. Тәуелсіз Қазақстанды өзге мемлекеттерден ерекшелейтін әрі тұтастығын сақтап отырған негізгі ұстанымы – осы түрлі ұлт өкілдерінің қарым-қатынасын нығайтуы мен өзара келісімді күшейтуге мән беретіндігі. Татулығы жарасқан Қазақстанды әлем халқы жақсы біледі, таниды. Елбасымыз саяси ұстанымында осы қағидаларды басшылыққа алады, тыныштық пен тұрақтылықты бірінші орынға шығарады. Біз өзгелерге үлгі болып отырмыз десем артық айтқандық болмас. Қазақстан этносаралық қақтығыстар туындаған немесе келіспеушіліктер болып жатқан елдердің өзара ымыраға келуінде де ортақ көпір қызметін атқарды. Еліміз екі жаққа да тиімді ортақ келісім жасауға атсалысып келеді», - дейді ұйым төрайымы.


Айта кету керек, біздің модельдің басты ерекшелігі – адамды бірінші орынға қоюында. Оның құқықтары мен негізгі міндеттері айқын. Қазақстан Республикасында тұратын кез келген азамат өз елінің тілін дамытып, мәдениетін ұстанып, дәстүрін дамыта алады. Осы тұста айта кету керек, қай ұлт болмасын Қазақстанның мемлекеттік тілін үйренуді басты мақсат етуге тиіс. Діни тұрғыдан да ешкімге қысым жасалмайды. Барлық ұлттың мерекелері мемлекеттік деңгейде бекітілген. Түрлі ұлт өкілдері бір-бірінің мерекесін, қуанышын бірге тойлауды әдетке айналдырған. Оған мысалдар көп. Бір мысал – Алматыдағы Украин мәдени орталығы.


«Біздің Украин орталығының құрылғанына 27 жыл болды. Бұл жылдар аралығында біздің орталыққа студенттер, мектеп оқушылары келіп, ұйымымыздың жұмысымен танысты. Мәдениетімізге қанық болды. Біз тек өзімізді танытып қоюмен шектелмейміз. Өзге ұлттардың орталықтарына да барып, олардың жұмысын бақылап көрдік. Бір қызығы, бізде ортақ дүние көп. Оны кейде байқамай да жатамыз. Ұқсастығымыз да жетерлік. Мәселен, украин тілінде 1500-ден аса түркі сөзі бар. Осы ортақ ұқсастықтар бізді жақындата түседі әрі бір-бірімізді түсінуге көмектеседі. Біздің орталықта өз маңдай тер еңбегімен биікті бағындыра алған жандар жетерлік», - дейді Тамара Агапова.


Ол сондай-ақ, бүкіл қоғамда қызу талқыланып жатқан қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесіне де өз пікірін айтты.


«Ешнәрсе бізде тегін болмайды. Елбасы арыдан ойлайтын адам. «Латын әліпбиі өте ыңғайлы болады» деген тұжырымдарды көп естимін. Оған қоса, латын қарпі таңсық емес. Бұрыннан бар. Яғни, бұл ескінің жаңғыруы. Қысқасы, мен қазақ тілінің латынға көшуін қолдаймын», - дейді ол. 


Әли Ерсін




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.09.2018, 09:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31