Тіл – татулық тірегі айлығының аясында «Елге құрмет – Тілге құрмет» іс-шарасы өтті
Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы және Түрксіб ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқарамасы бірлесіп, «Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесі қарсаңында «Тіл-татулық тірегі айлығының аясында «Елге құрмет – Тілге құрмет» іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтарындағы жарлығымен елімізде – «Қазақстан халқы тілдерінің күні» белгіленген, бұл айтулы күн қыркүйек айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Мерекенің мақсаты – өз еліне, ана тіліне деген сүйіспеншілікті бойға сіңіру және түрлі ұлттардың тілдері мен дәстүрлері туралы білім аясын кеңейту, көпұлтты Қазақстан халқының тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және қолданысын тарту, өскелең ұрпақты тек өз халқы емес, сонымен қатар елімізді мекендейтін барлық ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүріне де құрмет көрсету рухында тәрбиелеу.
Мерекенің ұраны - еліміздің әрбір азаматы өз ана тілінде сөйлеуге, өз дініне ғибадат етуге және ұлттық мәдениетінің дәстүрлерін ұстауға құқылы.