Туған тілім – тірегім!
Жақында Әуезов ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж. Т. Маденова, Қазақстан халқының тілдері күніне орай, «Туған тілім – тірегім!» тақырыбында жиналыс өткізді.
Республикалық конкурстың жеңімпазы, «Тіл ардагері» төс белгісінің иегері, басқарманың тіл маманы Б. Қ. Бекетова сөз алып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған тарихи кезеңдеріне шолу жасады, ұлттың жаны – туған тілдің маңызына тоқталды. Қазақ ұлтын жаһандану қаупінен сақтап қалатын оның тілі мен ділі, салт-дәстүрі, деді ол. Мерекенің маңыздылығы жөнінде кеңінен айтып, биылғы жылғы тіл мерекесінің ерекшелігіне тоқталды. Өзінің «Тіл киесі» атты өлеңін оқып берді. Жиналысқа қатысқан ауданда орналасқан этномәдени орталық басшылары да тілге қатысты ыстық лебіздерімен бөлісті.
Жиналыс соңында басқарма қызметкерлері арасында дайындалған мемлекеттік тілде жыр оқу, ән айтудан «Туған тілім – тірегім!» атты байқау бағдарламасы ұсынылды. Екі капитан болып сайысқан өнерлі мамандар ортаға шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Соңында жеңімпаздар марпатталды.
Еркенұр Ерзия