Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

«Ұлттар бірлігі – ұлы байлық»

  • «Ұлттар бірлігі – ұлы байлық»

    «Ұлттар бірлігі – ұлы байлық»

Жақында Е.Тұрсынов киноклубында «Адырна» ұлттық-этнография бірлестігінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Ұлттар бірлігі – ұлы байлық» атты шығармашылық фестивалі өтті.


Фестиваль аясында этноауыл көрмесі, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қойылымы, әртүрлі ұлттар өкілдерінің арасында «Тіл – татулық тірегі» атты байқау ұйымдастырылды.

«Тіл – татулық тірегі» атты байқауда орыс, ұйғыр, түрік, күрд, ауған және т.б. ұлт өкілдері 3 кезең бойынша бақ сынасты. Бірінші кезеңде, қатысушылар ақын Мағжан Жұмабаевтың өлендерін жатқа оқыса, екінші кезеңде «Туған жер» тақырыбында эссе оқыды. Ал соңғы кезеңде қазақша ән айтып, би билеп, сахналық қойылым көрсетті.

Байқаудың І-орын жеңімпазы – ҚР Ұлттық Ұлан қызметкері Александр Мамыкин, ІІ-орын иегері Феруза Султанмуратова, ІІІ-орынды Русалина Асиева иеленді.

Қазылар алқасының құрамында: А.Байтұрысынов атындағы Тіл білім институтының директоры Ерден Қажыбек, «Қамшы» ақпараттық агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш, «Ұлан»газетінің бас редакторы - Жадыра Нармаханова, Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Нұрмұха Шаймерденов болды.

Сондай-ақ шараға Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, журналисттер мен студенттер қатысты. 


Нұрлы Еділов




Көрілген: 966    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.11.2018, 12:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30