Жамбылдықтар қарт жауынгерлерге сыйақы беруде

09 мамыр 2012, 07:55

Жамбылдықтар Жеңістің 67 жылдығын тойлауды бір ай бұрын бастап кеткен-тін. Облыс әкімі бастап, түрлі басқармалар қостап, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып құттықтауда.
Бүгінде облыста 492 ардагер тұ­ра­ды. Өткен жылы ғана облыс бойынша 632 ардагер бар-тын. Жыл аралатпай жа­тып-ақ қатарлары сиреп, «келместің ке­ме­сіне» аяқ артып тұрғандары да аз емес. Өз­дігінен жүріп-тұра алмайтын қарт жа­уынгерлерге тиісті мекеме басшылары үй­ле­ріне барып түрлі сый-сияпаттарын табыс ету­де. Жеңіс күнінің құрметіне облыста тұ­ратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 15 мың тең­геден сыйақы берілмек. Ардагер­лер­ге те­ңес­тірілгендерге – 10 мың,  ал арда­гер­лер­дің жесірлеріне 5 мың теңгеден бе­ріледі.
Рахматілда РАХМАНБЕРДИЕВ, Жамбыл об­лыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұ­мыспен қамтуды үйлестіру бас­қар­ма­сы­ның бастығы:
– Бүгінде 232 ардагер – Таразда, 58-і Қордай және 50-і Меркі ауданында тұрады. Облыста 13 244 тыл еңбек­кері бар. Олардың барлығы да ма­ра­пат­тан тыс қалмайды.