14 нокауты бар мексикалық Абылайхан Жүсіповке қарсылас атанды

01 маусым 2022, 19:01

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіповтің (1-0) АҚШ жерінде өтетін бірінші жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жүсіповтің қарсыласы 31 жастағы мексикалық Эдгар Рамирес (18-20-1, 14 KO) болады.

 

Бұл кездесу төрт раундқа жоспарланған. Жекпе-жек 4 маусым күні Миннеаполис (Миннесота штаты, АҚШ) қаласында Tom Brown (TGB Promotions) ұйымдастыратын бокс кешінде өтеді.

 

Ал осы бокс кешінің басты айқасында америкалық Стивен Фултон отандасы Даниэль Романомен екінші жеңіл салмақта WBC және WBO белбеуіне таласады.

 

Айта кетейік, Жүсіпов - әуесқойлар арасында үш дүркін (2017,2019, 2021) әлемнің қола жүлдегері. Сонымен қатар, ол 2017 жылы Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды.