18 жастағы боксшы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының бірінші жүлдесін жеңіп алды

26 мамыр 2021, 18:37

18 жастағы қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Бүігн, 25 мамырда ол 1/4 финалдық кездесуін өткізді. 49 келі салмақта Даниялдың қарсыласы индонезиялық Корнелис Квангу Лангу болды. Үш раунд қорытындысы бойынша қазақ боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

 

Айта кетейік, жартылай финалға шығу арқылы Даниял Азия чемпионатының жүлдесіне ілікті, бұл Қазақстан қоржынына түскен бірінші жүлде болады. 1/2 кезеңде жеңіске жете алса, ол алтын үшін жұдырықтасады, ал жеңілсе қола жүлде иеленеді.