18 жастағы қазақ боксшысы финалда өзбек спортшысынан жеңіліп қалды

31 мамыр 2021, 21:19

Дубайда (ОАЭ) бокстан ерлер арасында Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

 

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Даниял Сәбит ел қоржынына күміс медальді салды.

 

Финалда Өзбекстан боксшысы Нодиржон Мирзахметовпен кездескен ол қарсыласына жол берді.

 

Төрешілердің бір ауыз шешімімен отандасымыз финалда жеңілді. 

 

Айта кетерлігі, Даниял Сәбиттің қарсыласы Нодиржан Мирзахметов 2019 жылы Азия биігін бағындырған.