20 қазақ боксшысы Сербияға аттанды

31 наурыз 2022, 10:46

Сербия астанасы Белградта өтетін Beogradski Pobednik халықаралық турниріне Қазақстанның 20 боксшысы қатысады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық командададағы басты жұлдыз жеңіл салмақта әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов болады.

 

Бұрымды боксшыларымыздан Назым Ишанова ғана барады (57 келі).

 

Қазақстан құрамасы

 

51 келі - Теміртас Жүсіпов, Кенже Мұратұлы, Қуаныш Дүйсенбай және Даниял Сәбит.

 

54 келі - Олжас Байниязов және Дәулет Молдашев.

 

57 келі - Оразбек Асылқұлов.

 

60 келі - Саматәлі Төлтаев және Бекзат Мағжан.

 

63,5 келі - Мұхамед Сабыр Базарбайулы.

 

67 келі - Дәулет Нысан.

 

71 келі - Нұржан Аманкелді, Армат Арманұлы және Ермахан Жақпеков.

 

75 келі - Ильяр Аширов және Диас Молжігітов.

 

80 келі - Ерасыл Жақпеков.

 

86 келі - Мәди Әміров.

 

92 келі - Ерхат Бекзат.

 

92 келіден аса - Дамир Тойбай.

 

Бүгін, 31 наурызда ширек финал айқастары өтеді. 1 сәуір жартылай финал, ал шешуші айқастар екі күнге бөлінген 2 және 3 сәуір.