Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

27 жастағы боксшы нокаутқа түскеннен кейін көз жұмды – видео

04 ақпан 2021, 09:46

Аслам Хан дереу жергілікті жеке клиникалардың біріне жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады
Пәкістанның Карачи қаласындағы бокс кешінде жекпе-жектердің бірі трагедиямен аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Рингте жергілікті боксшылар &ndash Мұхаммед Аслам Хан мен Вали Хан Тарин кездесті. Жойқын соққыны өткізіп алған Аслам Хан ауыр нокаутқа түсті, алайда ол жерде жылдам әрі білікті көмек көрсететін медициналық персонал болмаған. Видеоны төменде көруге болады.

Аслам Хан дереу жергілікті жеке клиникалардың біріне жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады &ndash ол ішкі жарақаттан ауруханада қайтыс болды. 

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, билік бұл оқиғаны тексеріп жатыр. Сондай-ақ бокс Мұхаммедтің жалғыз жұмысы емес екені белгілі болды &ndash ол жергілікті сайлау комиссиясында да қызмет еткен.

sputnik.kz