Бокс

27 нокауты бар чемпион Головкинмен жұдырықтасу үшін орта салмаққа ауысты

  • © AllBoxing.ru

    © AllBoxing.ru

23 жастағы мексикалық Хайме Мунгия (34-0, 27 KO) және 35 жастағы ирландиялық Гэри "Спайк" О"Салливан (30-3, 21 KO) Сан-Антониода өткен баспасөз мәслихатында бетпе-бет кездесті.

Осы қалада 11 қаңтарда боксшылар орта салмақта жұдырықтасады. Бұл мексикалық үшін өзге дивизиондағы алғашқы жекпе-жегі. Бұл үшін ол бірінші орта салмақтағы WBO белбеуін босатты.

"Орта салмаққа өһткеніме қуаныштымын. Мұнда әлемнің ең мықты боксшыларының бірі өнер көрсетеді дейді. Гэри О"Салливан сияқты мықты қарсыласпен жұдырықтасуым керек. Егер үлкен жекпе-жектер қаласам, мұндайға лайық екенімді осы жігітпен кездесуде көрсетуім керек. Сондықтан рейтингте көтерілу үшн барынша тамаша өнер көрсетуім қажет.

Ал Golden Boy президенті Эрик Гомес боксшының жекпе-жегінен не күтетінін айтты.

"2020 жылды Alamodome шаршы алаңындағы үлкен жекпе-жектен бастаймыз, ол DAZN-де көрсетіледі. Хайме Мунгия бокс жұлдызы ғана емес, Мексикадағы үздік спортшыға айналып келеді. Хайме титулын босатып, орта салмаққа "Канело" Альварес және Геннадий Головкин сияқты боксшылармен жұдырықтасқысы келеді. Бұл ол үшін тамаша уақыт болады. Ал бәрі "Спайктен" басталады, ал өздігінен осал қарсылас емес. Бұл мексика-ирландиялық соғыс болмақ", - дейді Гомес.

 kaz.vesti.kz




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 17:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30