Бокс

29 нокауты бар жеңіліп көрмеген боксшы Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

  • Хайме Мунгия. Фото: Tom Hogan©

    Хайме Мунгия. Фото: Tom Hogan©

Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу басты мақсаты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Тараптар мамырда кездесу өткізу туралы келіссөз жүргізген, алайда, одан нәтиже шықпады.

 

"Бізде жұдырықтасуға сан мүмкіндік болды. Олай болмады, не себеп - білмеймін. Бірақ ол дайын еді деп ойлаймын. Бұл айқасқа қызығушылығым үлкен, мені ең мықтылардың бірі есептеу үшін онымен жұдырықтасқым келеді. Жыл соңына дейін немесе келесі жыл басында Головкинмен жекпе-жек өткіземіз деген үміттемін.

Әлем чемпионы атағына жақын қалдық. Барлық заңды ұйымдардың биігіндеміз. WBC рейтингінде бірінші тұрмын. Біз кез келген чемпионмен айқасуға дайынбыз. Биыл осыған қолжеткіземіз деп үміттенемін. Олай болмаса, күте тұрамыз", - деп береді Мунгияның сөзін DAZN.

 

 

 

 




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 23:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30