Бокс

41 нокауты бар Уайлдер карьерасындағы жалғыз жеңілістен соң ауруханаға түсіп қалды

  • © Sport.ua

    © Sport.ua

Супер ауыр салмақта жұдырықтасатын амеркиалық боксшы Деонтей Уайлдер (42-1-1, 41 КО) британиялық Тайсон Фьюриден (30-0-1, 21 КО) жеңілгеннен кейін ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Sportbox.ru.

 

WBC титулы үшін жекпе-жек Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Фьюри қарсыласын үшінші және бесінші раундта нокдаунға түсірді, осыдан кейін, жетінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша ұлыбританиялық 31 жастағы боксшы жеңіске жетті.

 

Жекпе-жектен кейін Уайлдер баспасөз мәслихатына келмеді. Боксшыны құлақ пердесі жыртылып кетті деген күдікпен ауруханаға жеткізген - алған соққылардан оның сол құлағынан қан аққан еді. Сонымен бірге, оның ерні де жыртылған.

 

Бұл Уайлдер үшін карьерасындағы жалғыз жеңіліс. Амеркиалық боксшы айырылып қалған WBC титулын 2015 жылдан бері 11 рет қорғаған еді.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 672    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 10:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31