Бокс

DAZN Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегіне қатысты түсінік берді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында үшінші жекпе-жек жөнінде келіссөз жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.


Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, екі жақ ортақ келісімге келе алмай, айқас өткізетін алаңға қатысты қарама-қайшылық туындаған болатын. Өйткені, Golden Boy мен «Канело» жекпе-жекті Лас Вегаста өткізгісі келеді, ал Головкин бұған түбегейлі қарсы.


Осыған қатысты DAZN стриминг платформасының атқарушы директоры Джон Скиппер түсінік берді.


Еске сала кетейік, қос боксшы да осы сервиспен келісімшартқа отырған.


«DAZN платформасының жетекшісі Джон Скиппер «Канело» мен Головкиннің үшінші рет қолғап түйістіруін талап етіп отыр. Ол спортшылар үшін келесі жекпе-жек болуы керек және тезірек өтуі керек, себебі стриминг-сервис екі боксшымен де қомақты келісімшарт жасаған. Сондықтан жазылымдарды көбейту үшін бұл айқас платформаға өте қажет», - деп жазады Boxingscene.com.


 




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 12:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30