Бокс

DAZN Головкиннің 100 миллион доллар гонорарына байланысты келісімшартты қайта қарайды

  • DAZN Головкиннің 100 миллион доллар гонорарына байланысты келісімшартты қайта қарайды

    DAZN Головкиннің 100 миллион доллар гонорарына байланысты келісімшартты қайта қарайды

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және DAZN стриминг сервисі бұрын қол қойылған шартты қайта қарастыру туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы The Athletic жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Келісімшарт бойынша Головкин алты кездесу үшін 100 миллион доллар табуы керек еді. Қазақстандық тағы үш жекпе-жек өткізуі керек. Бірақ DAZN өкілдері боксшыдан келісімнің шарттарын қайта қарауды сұраған. Ондағы шарт мынадай еді: оған әр жекпе-жек үшін 15 миллион доллар гонарар берілуі керек. 

 
The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, тараптардың шартты қайта қарау туралы келіссөзі аяқталып қалды. 

"Дереккөздер Головкин мен DAZN Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек туралы келісімді қайта қарастыруды аяқтап қалғанын айтты. Кездесу 18 желтоқсанда Флоридада өтуі мүмкін. DAZN қазақстандық боксшыдан гонорарын қысқартуды сұраған. Алты жекпе-жектің әрқайсынан ол 15 миллион доллар гонорар алуы керек болатын", - деп жазды Коппинджер Twitter желісінде.
Головкин  рингке соңғы рет 2019 жылғы қазанда Нью-Йоркте (АҚШ) шықты. Ол кезде украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі титуk алған. Сол шоу кезінде Шеремета мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірген.




Көрілген: 721    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 09:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31