Бокс

DAZN промоутері Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты мен орнын атады

  • Геннадий Головкин. © DAZN

    Геннадий Головкин. © DAZN

Британиялық промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін күзде өткізуі мүмкін екенін айтты. Оның бұл сөзін talkSPORT редакторы Майкл Бенсон келтірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


2018 жылы наурызда Хирн DAZN стриминг сервисімен сегізжылдық келісімшарт жасасқан, ал биыл бұл сервиске Головкин де қосылған.


"Хирннің мәліметі бойынша, Головкин рингке 5 қазанда Лос-Анджелесте оралуы мүмкін", - деп жазды Бенсон.


Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен. Бұл қазақстандық боксшының DAZN-мен келісімшарты аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы және жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің қол астындағы дебюті болған еді.


Сол кездесуден кейін Головкин мексикалық Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырған. Алайда WBC (Franchise), WBA (Super) және IBF чемпионы қазақстандықпен биыл кездескісі келмейтінін білдірген.


Айта кетейік, Головкин өз карьерасында Лос-Анджелесте жұдырықтасып көрген жоқ, бірақ оның маңындағы қалашықтар - Карсон мен Инглвудте төрт жекпе-жек өткізген.


 




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 15:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30