Бокс

ESPN Жүкембаевтың АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегіне болжам жасады

  • Сурет: Eye of The Tiger Management©

    Сурет: Eye of The Tiger Management©

ESPN арнасының латынамерикалық комментаторы және журналист Армандо Мендоза Vesti.kz тілшісімен болған әңгіме барысында қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (18-0, 14 КО) пуэрториколық Сабриэль Матиасқа (16-1, 16 КО) қарсы болатын жекпе-жегі жайлы пікір білдірді.

 

Маманның ойынша, бұл кездесуде көрермендер күтпеген жағдайға куә бола алады.

 

"Бұл дайындықтары бір-бірімен шамалас қос боксшының кездесуі. Алайда олардың мектептері әр түрлі, стильдері де. Бірі таңқалдырарлық физикалық күшке басымдық береді. Оның нокауттардан тұратын статистикасы - ойландырады. Ал екіншісі, шабуыл мен қорғанысты селбестіре отырып, басымдықты техникаға береді. Біз қызықсыз немесе өте "ақылды" жекпе-жек көрмейміз. Қарсыластардың мүмкіндіктері бірдей. Дайындығы мықты, аз қателік жасаған бокшсы жеңеді деп ойлаймын. 

 

Меніңше осы жекпе-жектің жеңімпазы титул үшін болатын кездесудің фаворитіне айналады" - дейді Мендоза.

 

Жүкембаев пен Матиас 29 мамыр күні АҚШ-тың Лос -Анджелес (Калфиорния штаты) қаласындағы бокс кешінде кездеседі. Жекпе-жек титулға міндетті үміткерді анықтайтын IBF турнирінің бағдарламасына кіреді. Батыр үшін бұл АҚШ жеріндегі алғашқы кездесу болмақ, осыған дейін ол Канадада өнер көрсетіп жүрген еді. 

 

Қазақстандық боксшы кейінгі рет 2020 жылдың қаңтарында Монреаль қаласында мексикалық Рикардо Ларуға (22-8, 10 КО) қарсы шықты. Ол Ларуды нокаутқа жіберіп, бірінші орта салмақта WBA Continental Americas пен IBF Inter-Continental титулдарын сақтап қалды.




Көрілген: 672    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.05.2021, 01:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31