Бокс

Golden Boy президенті "Канеломен" арадағы жанжал туралы шындықты айтты

  • Альварес, Гомес және Де Ла Хойя. Сурет: infragantimagazine.com

    Альварес, Гомес және Де Ла Хойя. Сурет: infragantimagazine.com

Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес басты жұлдыздары - мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) арадағы кикілжің туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп мәлімдейді kaz.vesti.kz.


Жақында "Канело" мен GBP негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойяның қарым-қатынасы күрт бұзылды деген қауесет тараған еді. Атап айтқанда, Альварес промоутерлік компанияның өзіне еш хабарламастан DAZN стриминг қызметіне қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жекке уәде бергеніне наразы. Осылайша, GBP мексикалықтың қарсыластар қатарын шектеген. 1 тамызда Альварес орта салмақтағы IBF белбеуінен айырылды. Бұл кезде де промоутерлер оның келісімінсіз жекпе-жек өткізуге уәде еткен көрінеді.


"Оскар және мен дүйсенбіде "Канеломен" телефон арқылы сөйлестік. Бізде бәрі жақсы. Осыған байланысты жалған әңгімелер мен кері ақпарат тарап жатыр. Біз "Канело", оның командасы және DAZN-мен келесі жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз.


Ешқандай қиындық жоқ. Адамдар өсекті жақсы көреді, ал айнала жөнсіз ақпаратқа толы. Ол бізден кетіп қалса, ауыр болар ма еді? Әрине, өйткені бокста "Канело" сияқты адам жоқ. Мэнни Пакьяоның кетуі Top Rank-қа зиян келтірді ме? Әлбетте, бірақ, олар бұдан құрып кеткен жоқ. Өздерін ретке келтіріп, әлі жұмысын жүргізіп жатыр.


Бірақ біз мұндай жағдайда емеспіз. Осы өсектің бәрі қайдан шығатыны қызық. Бұл жалған", - дейді Гомес Yahoo! Sports порталына берген сұхбатында.


Сонымен бірге, ол "Канело" мен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты. Гоместің сөзінше, Альварес мұндайдан ешқашан бас тартқөан емес.


"Өзінен де сұрасаңыздар болады. Егер бұл жанкүйерлер мен журналистер қалайтын жекпе-жек болса, жұдырықтасуға дайын екенін сан рет айтқан", - деп атап өтті ол.  




Көрілген: 639    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.08.2019, 20:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30